Әлкей Марғұлан. Естелігі

Oinet.kz 09-12-2019 756

Сұлтанмахмұт еш уақытта да өз айтқанынан басқаға көнгісі келмейтін. Мен бала кезімде Сұлтанмахмұтты екі рет жолықтырдым. Ұзын бойлы, құбаша жігіт еді. 

image.png

Бір жылы жаз күні, мен әлі күні ұмытқаным жоқ, менің ауыл мектебінде оқып жүрген бала күнім еді, Махмұтты көруге бір көршілес ауылға бардым. Онда Махмұттың менімен ісі жоқ, тек жиналған халықтың алдында империалист соғыс жайында оларға әңгіме айтып отырғанын көрдім. Бір уақытта Махмұт пен біз қарайтын елдің болысы өзінің шабарманынан хат жіберіп, "біздің үйге келіп, қала жайынан әңгіме айтсын" деп Махмұтты шақыртыпты. Махмұт хатты оқып болған соң, болыстың шабарманына ашуланып қарады да:

— Мен Поштай ауылына барып сауын айтатын шапқыншы емеспін, әңгіме іздеген кісі өзі келер! — деді.

Махмұттың бұл сияқты еркін сөзі ол кезде жат болатын. Махмұтты тыңдап отырған жұрт қуанарын да, қорқарын да білмеді. Бірақ есіктен шығып бара жатқан болыстың шабарманы өзінің әдетінше:

— Шоқпыттың баласы, бұл да кісі болған екен! — деді.

Махмұтты ең соңғы рет 1919 жылы көрдім. Онда Махмұт аурудан әбден арықтап жүдеген. Мен ол кезде ашық еш нәрсені айырмайтынмын. Оқуға түсе алмай, Керекуде Мәшһүр-Жүсіптің Әмен деген баласының үйінде жатыр едім. Бір күні Сұлтанмахмұт келді. Әменмен сөйлесіп отыр:

— Үміт деген нәрсе қашан да болса адамның серігі ғой, мен ауруымды жазып, сендермен бірге қызмет істегім келеді, — деді…

1940 жыл, 22 май.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік парақшасынан алынды

«Қайтыс болған» қалжыңдар
Асанәлі Әшімов. Күнделігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу