Менің жазғы демалысым

Oinet.kz 19-12-2019 2333

Біз жазғы демалысты отбасымызбен асыға күтеміз. Себебі жазғы демалыс ең ұзақ демалыстардың бірі. Жаз - барлық жеміс-жидектің өсетін кезі. Демалыста мен ата -әжемнің үйіне барамын. Ауылға барған соң, ауылдағы достарыммен көлге барамыз, асыр салып ойнаймыз. Көлде су жыландары бар, бастапқыда мен олардан қорқатынмын, алайда біраз өткен соң менің достарым олардың зиянсыз екенін айтты. Мен суда өте жақсы жүзе бастадым. Күн ыстық болғандықтан, мен жазда қатты қарайып кетемін. Кейде тіпті үйге келген кезімді, жора-жолдастарым мені танымай да жатады.

Podobny obraz

Маған расымен де жаз барлық жағымен ұнайды. Әсіресе жеміс-жидектер. Мен оларды сүйіп жеймін. Ағаштарда алмалардың самсап тұратын көрінісі шіркін нағыз пейзаж дерсің. Ағаштың көлеңкесінде аспанға қарап,ертең сабақ болады деп алаңдамай жататын сезімді жыл сайын асыға күтемін.

Сондай-ақ, жазда мені ата-анам түрлі лагерлерге немесе курстарға жазып қояды. Әйтпесе, олардың айтуынша мен «босаңсып» кететін көрінемін. Мен жаңа ортаға тез үйренісетін болғандықтан, түрлі лагерлерде мен өзімді үйдегідей сезінемін. Өзімен көптеген достар табамын. Жаңа орталарда жаңа дүниелерге үйренемін,өзімді жан-жақты шыңдаймын.

Жазды асыға күтетін тағы бір себеп – қауын, қарбыз. Бұл екі көкөкніс менің жүрегімнен ерекше орын алады. Жаздың шілдесінде шөліңді қандырады. Жазда менің организмім пайдалы дәрумендермен толығады. Жаз – керемет мезгіл.

Жұмат Әнесұлы: «Қуғынмен басталып, азаппен аяқталған ұлы ғұмыр»
Көктем туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу