Көктем туралы шығарма

Oinet.kz 19-12-2019

Көктемде күн жылып, құстар қайта ұшып келеді. Көктемде жан-жануар оянып, айналы түрті-түсті түске еніп, табиғат жарқын бояуларға боялады. Адамдар сергіп, қалың киімдерін тастап, тіршіліктерін жалғастырады. Көктем адамдарға әсіресе жаңбырлы күндерімен ұнайды. Жаңбыр топыраққа тигендегі жердің аңқыған иісі, көктің иісі...

Znalezione obrazy dla zapytania весна

Көктемнің 3 айы да өте ерекше. Наурызда күннің алғашқы жылы шуақтары пайда болса, сәуірде қар толықтай еріп, күн ұзарса, майда адамдар жаздың жылуын сезіне бастайды. Көктемде қыстың ызғарлы суықтарынан әбден шаршаған адам баласының жүзі нұрланып, көңіл-күйі жақсарады.

Көктемде жер көгереді. Қырда бәйшешектер өседі. Көктемде жаңбыр нөсерлеп жауып, кемпірқосақ көп болады. Күн ұзарғандықтан кішкентай балалар армансыз далада ойнайды.

Көктемде қазақтардың жаңа жылы әз наурыз тойланады. Наурыз ол көктемнің алғашқы мерекесі. Наурызда балалар әткеншек теуіп, алтыбақанда ойнайды.

Көктемнің келуі табиғаттың оянуымен теңестіріледі. Көктемнің алғашқы аптасының өзінде ағаштарда жапырақтар пайда болып, гүлдер бүршік ата бастайды. Меніңше, көктем – ең сұлу мезгіл. Көктемгі табиғатта серуендеу адам ағзасына өте пайдалы. Жүзіңе ескен самал қарныңды тойдырып тұратындай.

Менің жазғы демалысым
Қыс туралы шығарма

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×