Алтын күз. Күз туралы шығарма

Oinet.kz 20-08-2019 11227

Күз менің ең қатты жақсы көретін мезгілім. Күзде бәрі өзгеше. Айнала сары түске боялған. Ағаштар сарғайған жапырақтарынан айырылып, құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр. Ауа-райыда құбылмалы. Бірде суып, бірде ысып адам жанына өзгеше әсер етеді. Жемістер пісіп, оны жинау науқаны басталады. Диханшылар еккен егіндерін орып, малдың қысқы азығың дайындауда. Ауыл адамдары отын, көмірін дайындап қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.

Screenshot_1.jpg

Маған күздің ең қатты ұнайтыны – ол күзгі жел. Салқын, ызғарлы, қара суық. Күздің алғашқы күні -  білім күні. Барша оқушылар жазғы демалыста сағынған сыныптастарын, мектебің, сыныбын көруге асығады. 

Күздің әсем көріңісін ақындар қара өлеңмен, суретшілер карандашпен бейнелейді. Айнала сары кілемге көмкерілгендей. Сары жапырақтарды көше тазалаушылар сыпырып тазалайды. Біз, мектеп оқушылары, баршамыз алтын ұямыз – мектеп ауласын тазалап еңбек етеміз әрі ойын ойнаймыз. Әр күзде біздің мектепке «Күзгі бал» байқауы болады. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, піскен дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден әрқилы керемет туындылар жасап, байқауға қызу дайындалады. Бәрі еңбектенуде, бәрі көңілді. Міне, осылар күздің нағыз кереметі.

Тіл туралы шығарма. Ана тілім ардағым
Махаббат туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу