Шығарма. Өмірлік мақсатым

Oinet.kz 25-12-2019 6218

Менің бір өмірлік мақсатым бар. Менің жай мақсаттарым бар және өмірлік мақсатым бар. Өмірлік мақсатым өзімнен кейінгі келер ұрпаққа артымнан із қалдыру, адамдарға көмек беру. Ол үшін менің көп еңбек етуім керек екенін де білемін. 

Podobny obraz

Өмірлік мақсаттың тек бір ғана затпен шектелуі мүмкін емес. Себебі өміріңнің соңына дейін максималды дүниелерді жасап үлгеруің қажет. Қаншама тер төгетінің, қаншама тар жол, тайғақ кешуден өтетінің белгілі, алайда соның біріне мойын сұнбай, алған бетінен таймайтын адам ғана шынайы бақытты ғұмыр кешеді деп санаймын.

Өзіме де менің жақындарыма да жақсы өмірді көрсеткім келеді. Жағдайы төмен отбасыларға көмек беретіндей жақсы жағдайым болғанын қалаймын. Әулетімнің абыройлы азаматы болып, халқыма сыйлы, жұртыма мақтаулы болсам деймін.

Әрине, мен бұл мақсатымды өмірімнің соңына дейін жүзеге асыру үшін бар күшімді салатын боламын. Себебі, өмір маған тек бір рет беріледі және мен ол өмірді өкінбейтіндей сүріп, артымнан із қалдыруға міндеттімін.

Шығарма. Менің мақсатым
Шығарма. Өмірдің мәні неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу