Шығарма. Менің ауылым

Менің ауылым менің ең сүйікті мекенім. Тек ауылға барған сәтімде менің жаным тыныштық тауып, табиғатпен үндестікте, өз-өзіммен оңаша боламын. Себебі қала тіршілігі мені қатты шаршатып, тіпті қажытып жібереді. Ондағы лас ауа, көліктер мен үнемі қарбаласқа толы, кептеліске бейім көшелер мен жұмыстан әбден шаршаған адамдар менің мазамды алады. Сондықтан да тым болмағанда айына-жылына ауылға барып жемалып қайтқанды құп көремін. 

Znalezione obrazy dla zapytania ауыл

Ата-әжем мен туыстарым өте қонақжай кісілер. Олар мені қатты сағынады, дәл менің де оларды сағынғанымдай. Өзі кішкентайымнан жаз шыға қалса бір бүйірім ауылға тартып тұратын әдетім. Себебі жазда ауыл ерекше құлпырады. Оның табиғатына тіл біткендей, неше түрлі дыбыстар шығара бастайды. Өзен-көлдің сыбдыры, арықтан аққан судың дауысы, кешқұрымғы шегірткенің шиқылдағаны, жан-жануардың маңырағандары, төбеттің арсылдай үргені, құстардың бұлттармен араласа ұшып сайрай салған әндері табиғатпен, айналамен керемет үйлесімділік табады. Соның бәрі де менің жанымды рахатқа бөлейді. Ауылға жазда баратын тағы бір себеп, жаз жеміс-жидек пен көкөністердің самсап пісетін кезеңі емес пе? Ал мұндай табиғи өнімдерді қаладан кездестіру біраз қиын.

Ауылым мен үшін ерекше жер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ерсін Қойбағарұлы. Мылқаудың досы
  • Қуат Қиықбай. Бесік жыры
  • Зағип жігіттің махаббаты...
  • Бақытгүл Сәрмекова. Ауылдағы неке
  • Адал сауда. Әңгіме
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика