Арман-арман (әні бар)

Oinet.kz 01-01-2020 824

Есітіп назды үніңмен,

Еркімді алдың күлімдеп.

Жанымды емдер жан сөзің,

Кірпікке кетті дірілдеп.


Қ-сы:

Арман-арман, арманым,

Тағдрымды арнадым.

Өлең жазып сен үшін,

Көңіл күйді жалғадым.


Дауыл күш билеп сезімді,

Сағыныш жүрек езілді.

Ояттың сәулем бөбектей,

Ұйықтаған мендегі сезімді.


Махаббат сезім тереңде,

Төзбесе оңай келер ме?

Ұйықтасам еніп түсіме,

Өңімде жүрсің өлеңде.

Махаббат туралы өлең
Таң жұлдызы. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу