Жүсіп Баласағұнидың нақыл сөздері

Oinet.kz 23-08-2020 1259

Адам салқын қанды, тұрақты, жақсы мiнездi болуы керек.

20160419093530.jpg

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.


Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.


Бiреудi үйрету — өзiңнiң қайталап үйренуiң.


Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.


Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.


Парасат — қараңғыдағы шырақ.


Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.


Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.


Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде.


Не дер екен мейірімі мол кісі:

Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.

Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –

Дәулет болар алсаң соның ақылын.

Мейірімнен шынайы леп еседі,

Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.



Қасым Аманжолов. Қанжар
Қасым Аманжолов. Өлең туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу