Мұқағали Мақатаев. «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен»

Oinet.kz 29-08-2019 1157

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен,

Кейбіреуге қарыздар емеспін мен.

Пейілімді теңізбен таластырып,

Тереземді аспанмен теңестірем.

Досқа сыйын, заһарын шашар жауға,

Қарыздармын халқыма қашаннан да.

Қабырғасы қайысып қарт әжемнің,

Қалай тұрам, көзіне жас алғанда.

Қайғы түссе басына бір ағаның,

Қалай ғана шыдап мен тұра аламын.

Жасын сүртіп солардың, бірге жылап,

Бірге күліп солармен, жұбанамын.

Ести тұра шырылын жас баланыц,

Қалай ғана алшаңдап, мастанамын.

...Тік көтеріп сәбиді уатпасам,

Сәби-халқым, саған мен масқарамын.

Сәби-халқым, сарыла сыр ақтарам,

Жалған ой, жасырын күй жырақ маған.

Сенің үнің мендегі, сенің жырың,

Сенің ойың санамда тұрақтаған.

Мұқағали Мақатаев. «Ғасырлар съезі»
Мұқағали Мақатаев. «Таудай болғым келеді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу