Мұқағали Мақатаев. «Хал сұрама, жыр сұра»

Oinet.kz 02-09-2019 1082

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Бас қатырып, несіне күн кешемін

Бәрі өтеді...

Ешкім де білмес емін.

Бәрібір табиғатпен бірге есемін,

Бәрібір табиғатпен тілдесемін,

Несіне бас қатырып, күн кешемін.

Сен менен хал сұрама, жырды сұра!

Ырзамын өміріме, тұрмысыма.

Жырды сұра!

Ілесіп кетем бір күн,

Қайтадан оралмайтын жыл құсына.

Айдын көлден ажырар сағатында,

Арман кетер аққудың қанатында.

Арман қалсын, алайда жыр қалмасын,

Жердің мына жетіқат қабатында.

Бас қатырып несіне күн кешемін,

Бәрі де өтер...

Ешкім де білмес емін

Күнім батпай, алдымен жырым батса,

Бір сағат та жер басып жүрмес едім.

Мұқағали Мақатаев. «Санаулы менің сағатым»
Мұқағали Мақатаев. «Қара шалғы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу