Мұқағали Мақатаев. «Армысыңдар, адамдар!»

Oinet.kz 02-09-2019 1665

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?

Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған!

Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?

Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар!

Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.

Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз - Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...

Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент - Тыныштық!

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Бақыт
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Балалық жасым өтесің
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу