Құда түсу – некелесу емес

Oinet.kz 30-10-2019

CPc8_QhtX4k.jpg

Халқымызда құда түсілген қызға белгі ретінде сырға тағу салты бар. Бұл екі жақтың келіскенін білдіретін нышан. Бірақ – құда түсудің еш уақытта некелескен болып саналмайынын ұмытпау керек. Сондықтан құда түсіп, құйрық-бауыр желінсе де, некесі қиылмайынша, жігіт пен қыздың ешкім жоқ жерде жалғыз қалуларына жол жоқ. Себебі құда түсу олардың үйленгенін білдірмейді. Бұл жай ғана екі жақтың екі жасқа шаңырақ көтеруіне келісім беруі. Адам баласы пендешілікпен уәдесінен тайып кетуі мүмкін. Сондықтан осыны ескере отырып, неке қиылып, дініміз бойынша екі жасқа ерлі-зайыпты деген үкім тағылмайынша, екі жақтың да сақтықпен әрекет еткені абзал.

Исламдағы жанұя кітабынан

Құда түсу деген не?
Әйелді қалай бақытты қылуға болады?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×