«Бестің шәйін беретін» Қарт әже келінін сағынып жылады (видео)

Oinet.kz 03-07-2021 12243

Желіде келінін сағынып жылаған әжейдің видеосы тарады. Төркіндеп кеткен келінін өз қызынан артық көрген қарияның сөзі елдің жүрегін елжіретті. 

Screenshot_9.jpg

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеода белгісіз әжей ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың жақсы үлгісін көрсетті. Ол өзін видеоға түсіріп отырған туған қызына төркініне қыдырып кеткен келінін сағынып отырғанын айтады. Ақ жаулықты ана келінін не үшін қыздарынан артық көретінін түсіндірді. 

"Келінімдей күте алмайсыңдар, келінімдей болмай жатырсыңдар. Білмейсіңдер, уақытымен шай ішетінімді, қай уақытта қай жаққа қыдыратынымды. "Қыдырып кетпей, шайыңды іш" дейді, сағат бесте бір шай береді. Бесте не болмаса төртте. Өзінің қолы тимей қалған уақытта "шай жоқ болды ғой", десем, шайымды қайнатып береді де, алдыма қояды, сағынып отырмын. Кеше бере ме екен деп ем, берген жоқсыңдар (бестің шайын). Жай білетін келінім...", - дейді көзіне жас алған қария туған қызына. 

Видеода әжейдің қызы бестің шайының уақыты өзгеріп кеткені болмаса, аналарына барынша күтім жасап отырғанын айтады. "Апам сағынып отыр ғой келінін, жылап отыр, келеді бір үш-төрт күнде", - деп жұбатты қызы анасын. 

Генералдың әйелі болашақ кедей құдасын менсінбеді
Анасының әруағымен тілдескен жігіт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу