Анам үшін ұялам...

Oinet.kz 07-01-2021 6631

Мен өз отбасым жайлы айтқым келеді. Біз үш ағайындымыз. Мен және екі інім бар. Жасым 22-де. Жақсы болсын, жаман болсын анам ғой. Алайда қылықтары әбден шаршатты. Бұл өмірде ата ананы таңдап алмайсың ғой. Анам мектепте жұмыс істейді. Бар ақшасына жақсы киінеді. Жас көрінеді.

image.png

Жақында үй телефонына бір әйел звандап, әкемді шақырды. Сөйтсе ол әйел анамның көңілдесінің әйелі екен. Әкеме өте ауыр сөздер айтты. Үйде үлкен айқай болды. Бірақ ұялатын анам жоқ, "сен де талай жүргенсің, саған ерегіскем, кетсең кет" деп отыр.

Одан бері бір жылдай өтті. Бірақ байқаймын, анам әлі ол жүрісін қояр емес. Соткасына дамыл жоқ. Мектепте жұмысы бітсе де, үйге кеш келеді. Мен айтсам "не шаруаң бар, бәрібір түсінбейсің" дейді. "Онда мен де бар білгенімді істеймін" деп қорқытып көрдім. Саспайды. Бірақ құдай сақтасын, ондай ұятсыздыққа бармаспын деп ойлап қоямын.

"Анасын көріп қызын ал" деп жатады ғой, болашақ қайын жұртым білсе мен туралы не ойлайды деп қорқамын. Жақында май құю бекетінде дос қызыммен барып, көлікке май құйдырып жатсақ, анам да тұр. Қасында бөтен біреу, жырқ-жырқ етеді. Айтуға сөз таппай қалдым. Қастарына барып, "мынауың не ұялмайсың ба, жабайы секілді" десем, өзіме айқайлап тастады.

Қатты шаршадым. Дос қызымның алдында да жер болдым. Соткасына жабысып алып, ұялмайды. Айта берсем көп қылығы. Тісін жақында 300 мыңға жасатты, шуба алды. "Қарызға алдым" деп қояды. Бірақ қиналып, қарыз төлеп жүргенін де көрмеймін. Мейлі қойшы дейін десем болашақта құда-жекжат, күйеу бала, болашақ келіндерден, туысқандардан қысыламын. Балалары өсіп тұрғында мына қылығы шаршатып барады. Әкемді де аяймын. Бірақ оның өз есебі түгел секілді.

Мейлі ғой, алайда оныкі білінбейді. Қалай анамды ақылға шақыра аламын? Тек ұрыпсай ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Анайы сөз керек емес.

Ақмарал, Алматы қаласы

alashainasy.kz

Ажырасқым келеді
Қарғыс атқан тағдырыма налимын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу