Ажырасқым келеді

Oinet.kz 05-10-2021 1678

Үйленіп, отау құрғанымызға 11 жыл болды. 3 баламыз бар. Негізі, ажырасуға апарарлықтай проблема жоқ сияқты еді.

Screenshot_7.jpg

Арамызда ұрыс-керіс болмағанымен, белгісіз бір суықтық бар. Үйленгелі жұбайымның махаббаты мен жылуын сезіне алмадым.

Мен оны қатты жақсы көрдім, бірақ махаббатымның қайтарымын көре алмай-ақ қойдым. Қанша тырыссам да болмады, шеше алмадым. Әбден қажыдым. ⠀

Бір күні жұбайым ажырасқысы келетінін айтты

"Неге? Саған ұнамайтын жақтарымды айтшы, білгім келеді" деп сұрап едім "Білмеймін, ішімде түсініксіз бір суықтық бар, жылынамай-ақ қойдым" деп жауап берді.

Жарайды дедім де, сол күні ажырасуға шешім қабылдадық.

Кейін ойланып отырғанда "бұның бәрі шайтаннан болуы мүмкін" деген ой сап ете түсті.

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі болсын) Бақара сүресі оқылған үйге шайтан кірмейді деген өсиеті есіме түсті.

Осылайша үш күн бойы жолдасым жұмысқа кеткен кезде үйде Бақара сүресін қосып қойдым. Бірақ, жұбайыма ешнәрсе демедім. Үш күн бойы ажырасқаннан кейін не істейтінімізді сөйлесіп жүрдік⠀

3-күні де жолдасымды жұмысқа шығарып салған соң Бақара сүресін тағы да қостым. Сүре сағат 11-де аяқталды.

Сағат 12-ге таман жұбайым хабарласып "Кешке ажырасу мәселесін қайта сөйлесейік" деді.

Кеш болды, тамағымызды жеп алған соң жұбайым:

"Бүгін маған бір нәрселер болды. Өзімді терең құдыққа түсіп кеткендей сезіндім. Әйтеуір, құдықтан әреңдеп шықтым. Шыққан кезде көптен бері шеше алмай жүрген түйінді шешкендей болдым" деді және бірінші рет мені қатты жақсы көретінін айтты. Кешірім сұрады. Бұрынғы жұбайым кетіп, орнына жап-жаңа адам келгендей болды. ⠀

Болған оқиға маған қатты әсер етті. Көзімнен жас ағып, бетімді жуып жатты.

Құранның шипа кітабы екеніне тағы да көзім жетті. Қандай дерт болса да дауасы Құранда екеніне сене түстім. Бастысы, соған сенейік және Раббымызды ұмытпайық!

Егер бір үйде жаман видеолар көріліп, жаман сөздер жиі айтылатын әндер тыңдалып, Алла еске алынбай, Оған сәжде жасалмайтын болса және Құран кітабы шаң басқан сөрелерде ұмытылған болса, онда ол үйді шайтан мекендейді деп айтуға болатын шығар.

Үйіңізде жұбайыңызбен қарым-қатынасыңыз әлсіреп, балаларыңыз тыңдамай жатса, сізге ұсынысым, үйде айғайлап тұрған жаман тв каналдарын өшіріңіз. Тыр-жалаңаш шешініп тастаған клиптерді, әндерді өшіріңіз.⠀

Оның орнына Сізге бақыт сыйлайтын нәрселер жасаңыз. Намаз оқып, Алланы еске алыңыз, Құран тыңдаңыз.

Аллаға ұмтылыңыз, Аллаға сыйыныңыз!..

Міне, сізге бақытты отбасының сыры.…

Елжас Ертайұлы

facebook.com

Көңілдес боламын деген үш ұйықтасам да түсіме кірмеп еді
Анам үшін ұялам...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу