Қазақстан әлемде алтын қоры бойынша нешінші орында?

Oinet.kz 27-11-2019 26231

Қазақстанның әлем бойынша 341,2 тонналық алтын қорымен 15-ші орынды алады. 

Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің (WGC) деректеріне сәйкес, бағалы металдың көлемі 2019 жылғы 1 қарашасында 377,5 тоннаны құрады. Салыстыру үшін: жыл басынан бері бұл көлем 345 тоннадан 9,4%-ға артты

Алтын қор.jpg

Осылайша, қазір Қазақстанның алтын қоры елдің халықаралық резервтерінде 62,6%-ды құрайды. Қазіргі уақытта қымбат металл көлемі бойынша Қазақстан бұрынғысынша 15-ші орында (ХВҚ есебінсіз) және Португалия (382,5 тонна) мен Өзбекстан (332,2 тонна) арасында орналасқан. 

Сонымен қатар, алтын қоры бойынша көшбасшылардың үштігінде бұрынғысынша АҚШ — 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна бар. Ресей WGC тізімінде 2,2 мың тоннамен бесінші орынды, ал Қытай 1,9 мың тоннамен алтыншы орынды сақтап қалды

Әрекетсіз салық төлеушілер кімдер?
Қазақстанның сыртқы қарызы 168 миллиард доллар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу