Дәрігерлер керек адамды таппай оның орнына тегі бірдей тұрғыннан коронавирус сынамасын алған

Oinet.kz 01-04-2020

Ресейдің Заринск қаласында медицина қызметкерлері керек ер азаматты таппай оның орнына тегі бірдей адамнан коронавирус сынамасын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

image.png

Жергілікті тұрғын жақында басынан өткен жағдай туралы әлеуметтік желідегі топтардың біріне жазды. Айтуынша, оның үйіне Барнаулдағы эпидемиологтар жіберген медицина қызметкерлері келген. 

"Сергей Анатольевичті іздестіріп жүріпті. Оның тегін жазбаймын, алайда менің күйеуіммен аттас болып шыққан, екеуінің тегі де бір. Менің күйеуім - Сергей Борисович, екеуінің туған жылы да бір. Коронавирусқа талдаудан өтуге жіберді. Айтуынша, біз жақында ғана шетелден келіппіз (айта кетейін, біз Барнаулдан басқа жерде болмадық)", - деп жазды әйел. 

Алайда ер азаматтың өздеріне керек адам емес екенін білгенде, кешірім сұрап, кетіп қалған. Дегенмен бірнеше сағаттан кейін олар қайтып келіп, өздеріне қажет адамды таппағандарын түсіндіріп, оның орнына тегі бірдей ер адамнан тест алуға бел буғандарын айтады. Хабарлама авторының айтуынша, олар күйеуін полициямен қорқытып, мәжбүрлі түрде сынама алған. 

"Бәрі жақсы болар еді, алайда елдегі қазіргі жағдай мен жұқтырған адамдарға деген өзгелердің ашуына қарасам, біз опық жеп қаламыз ба деп қорқамын. Барлығы қорғаныш киімін киген медбикені және онымен бірге шығып келе жатқан бізді көрді", - деп түйіндеді ол. Әйел адамның сөзінше, оның күйеуі мүгедек және қазіргі таңда карантинге байланысты олардың барлығы үйде отыр.

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді
Коронавирустың салдарынан әлемде 25 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×