Елулікке жақындап қалдық

Oinet.kz 11-01-2021 26753

Дамыған 50 ел.jpg

Қазақстан әлемде 2020 жылға арнап жасалған Адам даму индексінің рейтингісінде (Human Development Index) 51-інші орын алды. 

Атап өтері, Адам даму индексінің рейтингісі жыл сайын БҰҰ-ның жасаған есебі бойынша шығарылады. Оны аталған ұйымның мамандары тәуелсіз сарапшылармен бірге дайындайды.  

Human Development Index рейтингісі мемлекеттердегі өмір сапасы, өмір сүру деңгейін білдіреді. Ол азаматтардың денсаулығы, өмір сүру ұзақтығы, тұрғындардың табысы, білім алу, халықтың сатып алу қабілеті, мемлекеттік әр тұрғынға шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіштері бойынша жасалады. Осы рейтинг арқылы мемлекеттің деңгейі өлшенеді. Көбінесе индекске қарап халықаралық ұйымдар мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған деп бөледі. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша рейтингіде бірінші орынды Норвегия алды. Екінші, үшінші орындарды Ирландия, Швейцария елдері иеленді. Алғашқы ондықта сондай-ақ, Гонконг, Исландия, Германия, Швеция, Австралия, Нидерланды, Дания бар. 

Ал Ресей бұл жолы Қазақстаннан кейінгі 52-орынды алды. Одан кейін Беларусь, ал  54-інші орында Түркия тұр. Яғни, тізімде Қазақстан экономикасы бізден гөрі дамыған Ресей мен Түркиядан да жоғары орын алды.  Ресей соңғы жылдары аталған рейтингте 49-шы орынды тұрақты иеленіп келген болатын. Биыл үш сатыға төмендеп отыр. 

Қытайдың ең кедей елге айналғысы жоқ
Ұлттық банк ескертуі: Ақшаңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу