Көпбалалы ана құрақ көрпемен несібесін табуда

Oinet.kz 09-07-2021 2114

Өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар - донор іспеттес. Олар мемлекетке алақан жаймай, керісінше мемлекетке өз пайдасын тигізе алады. Өнім өндіріп оны сатып өз отбасын асырайды. Осы орайда елімізде кәсіпке икемі бар, бірақ оны жүзеге асыруға қаржысы жеткіліксіз азаматтарға қолдау көрсету басты назарда.

Screenshot_3.jpg

Шымкент тұрғыны Еркінай Көшкінбаева - 5 баланың анасы. Оның екеуі мүмкіндігі шектеулі. Еркінайдың өмірлік жолдасы да жазатайым оқиғадан соң жұмысқа жарамсыз болып қалған. Денсаулығы жоқ, баланың күтімі мен жұмыссыздық еңсесін түсірген көпбалалы ана «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығына келіп,  психологиялық кеңес алып тұрды. Нәтижесінде күйзелістен шығып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. 

Еркінай «Шаңырақ» орталығында өз кәсібін ашып, оны дамыту бойынша мамандардан кеңес алды. Үйде отырған көпбалалы ана  құрақ көрпе тігіп, кесте салып, өз туындыларын сатып,  өз кәсібін жүргізе бастады.

Шебер күні кеше өткен «КөрпеFEST-2021 – «Ата кәсібі - бала нәсібі» атты республикалық жобаға қатысып, жүлделі орындардың бірін иеленді. Енді ол Нұр-сұлтан қаласында өзінің туындыларын көрсететін болады. 

Айта кету керек, Еркінайдың  жолдасы да жұмысқа орналасқан. Денсаулығында кінәраты бар балалары «Шаңырақ»  орталығындағы «сазбалшық терапиясы» үйірмесіне қатысып жүр. 

Қиындықты еңсере білген  Еркінайдың ендігі мақсаты болашақта өзін әлі де жетілдіріп, кәсібін дамытып, балаларының бар жағдайын жасау.

Мемлекеттік грант арқылы кәсібін дөңгелетуде
Шымкентте спорттық туризм саласы дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу