Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысын бастаған кәсіпорын

Oinet.kz 17-11-2022 344

Screenshot_3.png

Индустриалды аймақ – бұл нақты белгіленген заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар толықтай дайындалған жер учаскелері. Олардың артықшылығы кез келген өндірісті ұсынылған учаскелерде орналастыруға болады: фармацевтикалық кәсіпорындардан бастап автомобиль зауыттарына дейін, бұл ретте инвестор ешқандай шығындарға ұшырамайды.

Индустриялық аймақты құрудың мақсаты: жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары мен конструкцияларын, ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын өндіру сияқты басым салаларын дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылдың 21 шілдесінде арнайы экономикалық аймақтарды басқару және олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға қол қойған болатын. Сол кездегі Президент тапсырмасына орай экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылатын индустриалды  аймақ Шымкентте де  бой көтерді. Ол «Оңтүстік» индустриалды аймағы Аталған  нысан  республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып саналады. Міне, осы  индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорынның бірі - «Дезфумекс» ЖШС. 2017 жылы өз жұмысын бастаған бұл жобаның құны 150 миллион теңгені құрайды. Зауыт өндірістік жоспары бойынша сағатына 60 тонна асфальтбетон өндіреді. Ал . жылына 10 тонна битум, ірі түйірлі асфальттан 8 мың тонна, майда түйірлі асфальттан 22 мың тонна, жалпы алғанда жылына 40 мың тонна асфальт және битум шығаруға қауқарлы. 

Өндіріс орны Еліміздегі маңызы жоғары мемлекеттік бағдарламалардың бірі – «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылған болатын.  Бүгінде зауыттың өнімдеріне сұраныс жоғары. Себебі елімізде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүгізіліп келеді. 

«Белла жиһазына» сұраныс қашанда жоғары
«Ордабасы» индустриалды аймағында кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу