Көп балалы ана қайтарымсыз грант алып, кәсіппен айналысуда

Oinet.kz 17-11-2022 246

image.png

Бүгінде Шымкент қаласында азаматтарды  кәсіпкерлік негіздеріне үйрету, оқыту, өз ісін ашуға ынталандыру қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта сала мамандары  ауызды қу шөппен сүртіп отырған жоқ. Бұл ретте түрлі шаралар атқарылып, арнайы жобаларды жүзеге асыру жолға қойылып, соның арқасында өзекті мәселенің шешімін табу мақсатында батыл қадамдар жасалуда. Мәселен шаһарда талай азаматтар мен қыз-келіншектер «Бастау-бизнес» жобасының арқасында түрлі кәсіптерді меңгеріп шықса, ал мемлекеттік қайтарымсыз гранттың көмегімен сол білімін іс жүзіне асырып, бизнес бастап жатқан жандар да баршылық. Салаға жауапты мамандардың дерегінше өткен жылы 700-ден астам шымкенттік 200 АЕК көлеміндегі мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізген болса, биыл 6 лек  бойынша барлығы 1150 адамды қамту жоспарланған. 

Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өз ісін бастаған жанның бірі -  қала тұрғыны  Адинахан Нарова. Ол 5 баланың анасы. Жалғызбасты ана қазіргі таңда кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысады. Ол «Бизне-бастау» жобасына қатысып, 555 мың теңгелік грантты жеңіп алған. Алған қаражатқа пеш және басқа да кондитерлік өнімдерді шығаруға арналған қажетті құралдарды сатып алған. Қазіргі таңда  бір адамды жұмыспен қамтып отыр. «Жоба аясында мемлекет тарапынан берілген қаражатқа мен үлкен пеш және 30 литрлік миксер сатып алдым. Осы және өзге де құралдармен ісімді бастадым. Таңғы сағат 6-да жұмысымды бастаймын. Күніне 100 самса пісіреміз. Қазір дүкендерге сол самса мен пирогтарды таратамын. Маған жеңгем көмектесуде. Алдағы уақытта жоспарым кондитерлік цех ашсам деймін»,- дейді жеке кәсіпкер. 

Ал мамандар мемлекеттік грантты сертификатсыз алуға қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы мүшелері, көп балалы отбасының мүшелері қатыса алатынын айтуда. 


Заманауи сұранысқа сай кәсіп ашқан Айдын
Сауда саласының кәсіпкерлері ұсыныстарын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу