Еңбек өнімділігі артып келеді

Oinet.kz 19-11-2022 231

image.png

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасы едәуір түрленді. Мегаполисте құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және басқа да өндірістік салалар қалыптасты.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді.Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деп атап өтті.

Осыторайда өңдеу өнеркәсібінің экспортын көбейту, еңбек өнімділігін арттыру бағытында Шымкент қаласында өнім көлемі бойынша  ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 317,3 миллиард  теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1 пайызға артқан. Биылғы жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2 пайызды  құраған.

Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында жаңадан екі индустриалды аймақтың құрылысы басталғаны мәлім. Оның ішінде «Жұлдыз» идустриалды аймағында құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланатын болады. Ал «Стандарт» жеке индустриалды аймағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік алаңы ретінде қызмет көрсетпек. Мұнда заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылатын болады.

Тамақ өндірісі саласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге басымдық берілді. Бұл бағытта «Бозарық» тамақ өнеркәсібі аймағының инженерлік жүйелері жүргізілуде. Мұнда 23 млрд теңгені құрайтын 1 800 жұмыс орны мен 20-дан астам жоба іске асырылады.

Сонымен қатар, қосымша 198 гектар жерге агроиндустриалды аймақ құру жоспарланды. Мұнда заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады.

Шымкенттің өз брендтері қалыптасып келеді
Алып Қытайдың шұлық импортын алмастырған фабрика
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу