«Бөрте-Милка»-ның өнімдері экологиялық таза және табиғи

Oinet.kz 18-11-2022 621

image.png

Шымкент қаласын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Бөрте-Милка» компаниясы 2016 жылы құрылған. Сол жылы кәсіпорын Венгриядан Гольдштейн Фриз дейтін сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараның 400 басын сатып алған. Соның негізінде 2016-2017 жылдары ферма құрылып, ал, 2018 жылы тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін зауыт салынды. Қазір мұнда мал басы 1200.

Ферма шведтің DeLaval компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып салынған. Мұндағы жұмыстың үлкен бөлігі, мәселен, сиырды сауу және оның тұратын орнын тазалау секілді жұмыстар автоматтандырылған. Сондай-ақ, жем жеп денесі қызған сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, малдың тойғанын анықтау камералары орнатылған.

Бүгінде «Бөрте Милка» сауда белгісімен 25 түрлі өнім шығарылады. Оның ішінде 5 түрлі йогурт, 4 түрлі айран, 4 түрлі қаймақ, тұздалған айран, құрт, май және «Бөрте таңы» атпен піскен айранның газдалған түрі. Өнімдері Түркістан облысы мен Шымкент қаласына тарайды. Алдағы уақытта Жамбыл және Қызылорда облыстарына да өз өнімдерімізді жөнелтуді жоспарлап отырмыз дейді компания басшылығы. 

«Бөрте Милка» сүт өнімдерінің басты ерекшелігі – экологиялық тұрғыдан таза, табиғи өнім болуында. Біз тек өз фермадағы сиырлардан сауылған сүтті пайдаланамыз. Әрі өнімдерге құрғақ сүт ұнтағы мен өзге де жасанды тағамдық концентраттар қосылмайды. Соның есебінен сақтау мерзімі де өзге сүт өнімдерімен салыстырғанда қысқа. Иә, бұл өнімнің өзіндік құнының қымбат болуына әсер етеді. Өнімімізді Алматы мен Астана секілді үлкен қалаларға жөнелте алмаймыз. Себебі, ол жаққа барып қоймаға, одан дүкен сөрелеріне түсіп, тұтынушының қолына тигенше сақтау мерзімі өтіп кетеді. Біздің өнімдерді тоңазтқышта плюс 2-4 градус тем-да сақтау керек. Әйтпесе, тез бұзылады. Ал, компаниямыздың алдағы жоспарына тоқталар болсақ, бұқтырылған ет пен шұжық шығаратын зауыт ашу ойымызда бар»,- дейді компания басшысы Бөкейхан Нұралыұлы.

.Айта кетеййік, мемлекет халық тұтынатын сүт және сүт өнімдерінің бағасын тұрақты деңгейде сақтап тұру үшін субсидия беріледі. Егер фермадан 400 бас аналық ірі қараңыз болса, сауылған сүттің әр литріне 30 теңге, ал, аналық бастың саны 600-ден асса, әр литріне 45 теңге төленеді. Сондай-ақ, компанияға жылына бір рет жем-шөп алуға да субсидия төленеді.


Оқушылардың экологиялық сауаттылығы жоғарылап келеді
Экологиялық қоқыс контейнерлері орнатылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу