Мемлекеттің қолдауымен кондитерлік орталық ашты

Oinet.kz 01-11-2023 132

image.png

Қазір әлем елдерінің әлеуметтік әлеуеті, жалпы хал-ахуалы ондағы халықтың жұмыспен қаншалықты қамтылғандығымен де өлшенетіні белгілі. Себебі экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер әсері айтарлықтай зор. Осыған орай жұмыссыздықпен күрес әрбір мемлекеттің қашанда басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни жұ¬мыс¬бастылықты көтеру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда. Соның бірі «аш адамға балық берме, қармақ бер» қағидасы. Яғни жұмыссыз жандарды кәсіпкерлікке баулу арқылы өз ісін дөңгелетуге жәрдемдесу. Шағын несие беріп, орта бизнесті дамыту арқылы мемлекетіміздің негізгі көздегені де жұмыссыздықты азайту екені белгілі. Әр кәсіпкер өзінің жұмысының көлеміне қарай жұмыс орнын ашады, осыған орай жұмыссыздық саны төмендеп келеді.

Созақ аудандық жұмыссыздықпен күрес шарасына жауапты маман Ысқақова Маржанның айтуынша, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды дамыту мақсатында 80 адам мемлекеттік қайтармсыз грантқа қол жеткізген. Олардың ішінде нан өнімдерін шығару, аяқ киім шеберханасын ашу, жарнамалық қызмет, тігін шеберханасын қолға алу секілді жобалармен грант ұтып алған азаматтар көп. Олардың барлығы да бүгінде алған қаражатты мақсатына сай жұмсап, өз кәсіпкетін дамыту үстінде. Ал биылғы жылға Созақ ауданынан 65 адамға грант қаражатымен кәсібін бастауға жәрдем көрсетіледі. Осы күнге дейін 16 азамат аталған қайтарымсыз қаржыны алып үлгерді. Өтінімдерді қабылдаудың екінші легі де өткен. Қойылатын басты талаптардың бірі грант алушы азамат еңбекке қабілетті мүгедек, көпбалалы ана, табысы аз қамтылған санаттағы отбасыдан болу керек. Өз кезегінде тамшылатып суару бойынша егін шаруашылығымен айналысып жатқан, көрпе жабдықтарын, инстаграм желісі арқылы аяқкиім тігін еліміздің әр өңіріне сатып жатқан жандар баршылық. Негізінде қайтарымсыз грант беру ауданда 2018 жылдан бастау алған. Алғашқы уақытта грант көлемі 242 мың теңге болды. Кейін ол 583 мың теңгеге дейін көтерілді. Биыл грант мөлшері 1 миллион 380 мың теңгені құрап отыр. Яғни инфляциялық жағдайға қарай гранттың да бағасы жылдан жылға жұмсалатын шығын көлеміне қарай ұлғайып келеді. 

Жалпы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның көздеген басты мақсаты  кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады. Сонымен бірге аталған жоба аясында 2025 жылға дейін 3.5 миллион адамды  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесін 6.5 пайызға азайту көзделіп отыр.

Созақ ауданына қарасты Таукент кентінде тұратын 34 жастағы көпбалалы ана Гульвира Әбеева да өткен жылы «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасына қатысып, 1  миллион  225 мың теңге грант ұтып алған. Жаңа бизнес-идеяға берілген бұл қаражатқа  кондитерлік орталық ашқан. Қазіргі таңда осы бизнесінің нәтижесінде отбасын асырап, жергілікті халықты кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етіп отыр. Өзінің айтуынша жұмыссыздарға осындай әлеуметтік көмек берген мемлекеттің шынында да кәсіпкерлікті дамытуға, тұрмыстық жағдайы төмен азаматтарды қолдауға келгенде көп мүмкіндіктер беріп жатқанын тілге тиек етті.

Қолдау Үкіметтен, әрекет сізден!
Қызметіне адал жанға құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу