Созақта 1 706 тұрақты жұмыс орны ашылады

Oinet.kz 05-11-2023 153

image.png

Созақ ауданында 2027 жылға дейін  1 триллион теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 миллиард теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жоба құны — 89 миллард теңге. Сондай-ақ 130 миллиард теңгеге «Созақ Фосфат» компаниясының минералды тыңайтқыш өндіру зауыты салынып, 1 мың адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. «Састөбе инновациялық комплексі» каустикалық содаға арналған тұз сақтау қоймасы құрылысын бастайды. Қоймада жылына 100 мың тонна тұз сақтауға мүмкіндік болады. «Созақ мұнай және газ» компаниясы қуаттылығы — 2 миллиард текше метр болатын газ өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 700 миллиард теңгені құрайды.

Жаңа зауыттардың құрылысына аудан аумағынан жер телімдері айқындалып, құрылыс жұмыстарына қажетті барлау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде. Бұл жобалар іске асырылғанда 1 706 тұрақты жұмыс орны ашылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін болады. Қарт Қаратаудың етегінде жатқан ауданда  өнеркәсіп саласын дамытуға күш салынуда. Халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін зауыт-фабрикалар салуға басымдық берілуде. Кәсіп бастауға ниетті барлық азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша Созақ ауданының облыстағы үлесі 60 пайызды құрайды.  Созақ ауданы өнеркәсібі дамыған аудан болғандықтан облыс көлемінде өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған бірден-бір дотациясыз аудан болып саналады. Жергілікті бюджет кірісі жыл басынан бері 7,5 миллиард теңгеге жеткен. 14 мың гектар жерге егін егіліп, өсімдік шаруашылығының өнімі 4,7 миллиард  теңгені құрады. Созақ ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінде іске асырылуда. 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 76 жоба мақұлданды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда  122 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 94 азаматтың құжаты 478,2 миллион теңгеге мақұлданып, 72 азамат 335,65 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда    72 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 57 азаматтың құжаты 326,96 миллион теңгеге мақұлданып, 19 азамат 112,21 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.

Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер  716 948 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 70945 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) 2 016 809 гектар, орман қорының жерлері  1 034 898 гектар, су қорының жерлері 3245 гектар, елді мекендердің жерлері  261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 799 гектар. «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 120,0 мың га жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша Облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2023 жылдың 7 айында  58261 га жер учаскесі аудан қорына қайтарылған.

Айта кетейік, аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз болса, өткен жылға 5,0 пайыз жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Жұмыссыздар саны 2021 жылға 1634 болса, өткен жылғы 1355 адамды құрап, 83 пайызға төмендеген. Өткен жылы  2984 адам  әлеуметтік шаралармен қамтылған болса,  2021 жылы 2784 азамат қамтылған.  Көрсеткішпен салыстырғанда 107% пайыз орындалып отыр. Оқу орнында жұмыссыздарды қысқа мерзімге оқытуға – 24 орын жоспарланған, қамтылғаны 24 адам, орындалуы 100,0 пайыз.

Жұмыс орнында оқытуға – 19 орын жоспарланған, қамтылғаны 9 адам, жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес оқу орнында жұмыссыздарды оқытуға 15 адам жоспарланған. Орындалуы 100,0% пайыз.

Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн оқытуға – 80 орын бөлінген болса, жоспар толық орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланған, жолданғаны 83 азамат, (орындалуы 83%). (2021 жылы 1 қазанына 73 адам қамтылған) осы жылмен салыстырғанда 114 пайыз орындалып отыр.

Өткен жылы «Жастар практикасына» – 160 орын жоспарланған, қамтылғаны 253 азамат, (орындалуы 158 пайыз). (2021 жылы 166 азамат қамтылған) былтырғы жылмен салыстырғанда 152 пайыз орындалып отыр.

«Қоғамдық жұмыстарға» – 450 орын жоспарланған, қамтылғаны 1269 адам, (орындалуы 282 пайыз). 

«Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланған, қамтылғаны 23 адам, (орындалуы 135,2 пайыз) құрап отыр.  

«Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланған, жоспар 100% орындалды. 

2022 жылы мемлекеттік грантқа – 70 орын жоспарланған болатын. Комиссия шешімімен 80 азамат мемлекеттік грант иегері болды, (орындалуы 114,2%). 

«Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 511 азамат, (орындалуы 384,2 пайыз). 

Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған, жолданғаны 1158 адам, орындалу пайызы 96,5 пайызды құрап отыр. 

«Бос жұмыс орындарына» 1641 адам және жаңа жұмыс орындарына 177 адам жолданды. Интеракциондық жеке бастама бойынша 632 жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат Былтырғы жылы ауданда жалпы жоба бойынша мүгедектігі бар 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса , Ұлттық жоба бойынша 179 азаматтар жұмыспен қамтылған. «Тұрақты жұмыс орындарына» 39 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 2 адам, жастар практикасына 4 адам, қоғамдық жұмыстарға 74 адам, бизнес бастау жобасы бойынша 39 адам, мемлекеттік грантқа 14 адам, қысқа мерзімді оқуға 4 адам, “Алғашқы жұмыс оргы” жобасымен 1 адам, “Күміс жас” жобасымен 2 адам қамтылды.

«Аманат» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» орталығына арнайы ғимарат беріліп, демеушілер есебінен ғимаратқа 18 миллион 855 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өз жұмысын бастады.

Етік тігу кәсібін меңгерген
Жұмыс тауып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу