Несие алып мал шаруашылығын дөңгелеткендер көп

Oinet.kz 06-11-2023 115

image.png

Созақ ауданында  мал шаруашылығын дамыту жүйелі жалғасып келеді. Бұл ретте Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейтіп жатса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашқан. 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданған. Мал бордақылау алаңдарының ашылуы жұмыс орнының артуына септігін тигізіп отыр. Яғни шаруа қожалықтың иелері өзін және өзге тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. 

Сондай-ақ, мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 миллиард  400 миллион теңге қосымша қаражат бөлінген екен. Осыған орай «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылған. Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары осы бағдарламаға қатысып, шаруашылығын кеңейтіп отыр.

Тиісті мерзімде аудан көлемінде 1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жеткен.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрады.

Аудан көлемінде 2023 жылдың I-ші тоқсанында 28 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетіпті.

 Теріскей тұрғындары жыл сайын артып келеді. Ауданның экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 26389, жұмыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны- 19509 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 5555 адамды құрайды екен.

Былтырғы  жылдың 12 айында 1182 отбасының 5319 адамына 431 миллион  096 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленіпті. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

«Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224 адамға 9249,0 мың. теңгенің көмегі (азық-түлік, тұрғын үй, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетіліпті.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ, біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілгенін аңғарамыз.

Аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0% болса, 2022 жылы да 5,0% болыпты . Жұмыссыздар саны 2021 жылға 1342 болса, 2022 жылға 1325 адамды құрап, 99,% төмендеген.

2022 жылдың 31 желтоқсанға дейін 4440 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтылып,  көрсеткішпен салыстырғанда 140  пайыз орындалған. 2021 жылы 3163 азамат жұмыспен қамтылған екен.

Қысқа мерзімді оқытуға – 24 адамды оқыту жоспарланып,100  пайыз орындалған.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланып, 83 адам жолданыпты, (орындалуы 83 пайыз). (2021 жылы 31 желтоқсанына 76 адам қамтылған) Ал,   былтырғы жылмен салыстырғанда 109 пайыз орындалып отыр.

«Жастар практикасына» – 160 орын жоспарланып, 268 адам қамтылды (орындалуы 167,5 пайыз). (2021 жылы 166 азамат қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 161 пайыз орындалып отыр.

Қоғамдық жұмыстарға – 450 орын жоспарланып, 1383 адам қамтылған. Демек, 153,7 пайызға орындалып отыр. Ал, 2021 жылы 994 азамат қамтылған. 2022 жылмен салыстырғанда 139 пайыз орындалып отыр.

«Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланып, 24 адам қамтылған. Бұл 141 пайызға артығымен орындалды деген сөз. 2021 жылы 11 азамат қамтылған екен. Енді 2022 жылмен салыстырғанда 218 пайызға арты-ғымен орындалып отыр.

«Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланып, жоспар 100 пайыз орындалыпты.

Мемлекеттік грантқа – 80 орын жоспарланып, 100 пайыз орындалған. (2021 жылы 70 азамат қамтылған). Өткен жылмен салыстырғанда 114,2 пайыз орындалып отырғанын көреміз.

«Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, Бұл 432 пайызға артығымен орындалған. Ал, 2021 жылы 181 азамат қамтылған екен. Жоспардың 2022 жылмен салыстырғанда 318 пайызға артығымен орындалғанын көріп тұрмыз.

Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған екен, жолданғаны 1899 адам. Жоспардың орындалу 158,3 пайыз құрап отыр. 2021 жылы 1531 азамат қамтылған екен. Былтырғы жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр.

Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орындары ашылған. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

Тоғжанның тәттілеріне сұраныс жоғары
Ауылға жаңалық енгізген Әлішер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу