Зағип жандарға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 13-11-2023 133

image.png

Әлемнің әрбір елінде мемлекеттік мерекелерде бөлек, қоғамдық маңызы бар даталар да аталып өтіледі. Себебі мұндай мейрамдар бір ғана мемлекеттің емес, күллі әлем халқына ортақ елеулі күн. Осындай атаулы күннің бірі жыл сайын 13 қарашада жер бетіндегі барлық елде атап өтілетін "Халықаралық зағиптар күні".

Бұл датаның шығу тарихына тоқталар болсақ, 1745 жылдың 13 қарашасы күні Валентин Гаюи дүниеге келгеніне байланысты аталып өтіледі. Ол Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.

Осы айтулы датаға орай Созақ аудандық орталық кітапхананың кітапхананы дамыту бөлімімен көзі әлсіз көретін азаматтарға қызмет көрсету нүктесі және "Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам" әлеуметтік орталығының бірлесе ұйымдастыруымен "Әлемді саусақ ұшымен таныған" атты әдеби қонақжай өткізілді. Іс- шараны Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Эльмира Қайдауқызы мен " Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам" орталығының директоры Марат Әбілқайырұлы ашып тағдырдың тауқыметіне қасқая қарсы тұрып, қоғамдағы өз орындарын орнықты көрсете білген жандар қашан да құрметке лайық екендігіне тоқталып қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген жандарға алғыстарын білдірді. Іс- шарада сөз алғандар "Созақ үні" газетінің бас редакторы Сәрсенбек Сайлаубекұлы, Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Қасымов Кенжебек, "Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам" орталығының әлеуметтік маманы, Аудандық мүгедектер мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, "Асар" мүгедектер қоғамының төрағасы Біржан Рысбайұлы зағип жандарды қоғамға бейімдеу жұмыстары тоқтамау керектігін атап өтті. Ақын Орынбасар Қасенұлы жүрекжарды лебізін өлең жолдары арқылы жеткізсе, Созақ ауданының құрметті азаматы, зейнеткер Төлеген Мәуленқұлұлы ізгі тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Айжан Қайратқызы атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, өз атынан сый- сияпат сыйлады.

Шара соңында келген қонақтары жайылған дастарханнан дәм татып, емін-еркін күйде әңгімелесіп, өзара пікір алмасу, жағымды жаңалықтарымен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

Ата-әжелер сайысты
Ауылдың берекесін кіргізген - «Ауыл аманаты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу