Шаруа қожалықтары бірігіп жатыр

Oinet.kz 26-11-2023 1838

image.png

«Ауылшаруашылығы ел экономикасының қозғаушы күші болуы керек. Ол үшін бірігіп, техниканы жаңғыртқан абзал.» Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасының бір тармағы. Мемлекет басшысы жерді игеруде жаңа технологияларды көбірек пайдалануды да тапсырған.  Осы орайда Созақ ауданының шаруалары бірқатар оң істер атқарып жатыр.

Кейінгі жылдары аймақтағы қуаңшылық пен су тапшылығынан еккен егінінен өнім алмағандар көбейген. Қазір шаруалар осы бір проблеманы еңсергендерін айтады. Оған тың технологияның тигізген пайдасы зор. Сөйтіп, тамшылатып суару әдісін кеңірек қолданысқа енгізіп, жыртқан жерлерінен мол өнім алуды көздеп отыр. Бұған ауыл тұрғындарының табыс көзін арттыруды мақсат тұтқан  «Ауыл аманаты»  жобасы септігін тигізіп отыр.

-«Бәрін автоматтандырсақ деген ойдамыз. Мынау жаңбырлатып суарылады.Өзі пультпен басқарылады телефонмен. Удабрение де бұнымен беруге болады. Қалаған уақтыңызда суды бере аласыз жерді қарап жүріп ешқандай кешікпейсіз деді.Бұл енді кепілді өнім аласыз деді»,- дейді шаруа қожалық  басшысы  Нұрлан Керімов.

Мемлекет басшысы сайлау алды тұғырнамасында көтерген баянды бастаманың бірі - ол ұсақ шаруалардың бірігуі. Оның да өзіндік сыры бар. Бірігу арқылы мемлекеттен берілетін түрлі жеңілдіктер мен жанар-жағармайды уақтылы алады. Оған қоса арзан бағада тыңайтқыш беріледі. Ең негізгісі техниканы жаңалап, күш біріктіру арқылы мол өнімге қол жеткізеді.

«Ауыл азаматтары жиналып «Созақ агро өнімдері» көөперативін құрдық. Қазіргі таңда 181 мүшесі бар.  «Ауыл аманаты» программасының қолдауымен осы бір екі күн болды осы техника алып келгенімізге.Кооператив мүшелерінің мал азығын дайындап беруге, арасында аз қамтылған отбасыларға көмектесіп отын-суын тасып беруге осы тракторды алдық»,- дейді кооператив төрағасы Нұрбол Қамшыбеков.

Еліміздегі жылыжай шаруалышығының да басым бөлігі оңтүстікте. Дихандар халықты жыл он екі ай көкөніспен қамтиды. Мұндағы шаруалар да су үнемдеу технологиясына көшкен.Оған  аграрлық бизнестің табысын арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін«Ауыл аманты» бағдарламасы көмектесуде.Осылайша жер еміп өскен шарулар Президентіміз  сайлау алды тұғырнамасында айтқан техниканы лизингтік жолмен жаңалап, күш біріктіріп ірілену арқылы  ісін ілгерілетіп келеді.

 «Президент бағдарламасы шыққанан кейін халыққа түсіндіру жұмыстары үнемі тоқтаған жоқ. Соның негізінде халықтың қызығушылығы артып 2,5 пайыз деген өте тиімді қаражат қой шаруаларымыз,кәсіпкерлеріміз ынталы. Қазіргі таңда 276 құжат қабылданған. Соның 208 мақұлданып, оның ішінде 177 азаматымыз нақты қаражат алды. 972 миллион теңгенің несиесін алды»,- дейді Созақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов. 

«Берекені көктен емес еткен еңбегінен тілеген» түркістандық шаруалар биыл 1 триллион теңгеден астам ауыл шаруашлығы өнімін өндірген. Негізгі капиталға 88,5 миллиард теңге инвеститция тартылыпты. Ауылшаруашлығы өнімдерінің экспорты 281,6 миллион долларды құраған.

Ауылдың берекесін кіргізген - «Ауыл аманаты»
Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу