Жеке инвесторлармен кездесті

Oinet.kz 12-11-2024 254

image.png

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Қарасу ауылындағы 57 гектар аумақтағы 5 қабатты тұрғын үйлерді салуға ниет білдірген жеке инвесторлармен кездесті.  Жиынға аудандық мемлекеттік органдар мен дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мадияр Мұхтарұлы өз сөзінде Сайрам ауданының инвестициялық әлеуетіне тоқталып,  бүгінгі жоба назардан тыс қалмайтынын және қолдау көрсетілетінін айтты.     

Кеңейтілген мәжілісте аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов Қарасу ауылындағы 57 гектар  аумақта салынатын құрылыс нысандарына қатысты жоспарларымен бөлісті. 

Атап айтқанда, бес қабатты 49 дана тұрғын үй, 280 орындық  балабақша, 1200 орындық мектеп, 250 орындық поликлиника мәдениет үйі мен «Жастар» сарайы, мешіт бой көтеретінін баяндады. Сондай-ақ, нысандардың инфрақұрылым жүйелерін 2025-2026 жылдары жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді.    

Басқосу барысында қос тарап аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында атқарылатын жұмыстар мен басты міндеттерді талқылады. Жеке инвесторлар өз кезегінде құрылыс жұмыстарына қатысты жауапкершіліктер бойынша бірлесе жұмыс істеуге оң көзқарастарын білдірді. 

 Айта кетейік, Сайрам ауданы - Түркістан облысындағы ең кіші аудандардың бірі болып саналады. Аудан орталығы - Ақсукент. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 1,1 мың км² (облыстың 0,9%). Халқының саны 231,9 мың адам (2023). Өңірде кіші және орта кәсіппен айналысатын азаматтар саны жыл сайын артуда. Басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ісін бастап жатыр. Кәсіп ашамын, кәсібімді одан әрі кеңейтемін деген азаматтарға әкімдік тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетілуде.  Сайрам – өңіріміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлікке ден қойған аудан. Әлеуеті өте жоғары.  Ақсу өзенінің бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар барлық автомобиль және темір жолдары осы орталықта түйіседі. Бұл өз кезегінде ауданның сауда-экономикалық бағытында дамуына жол ашуда.  

Мамандардың мәліметінше  ағымдағы  жылғы 1-қаңтарына    ауданда  тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік  (әрі қарай -  ШОК)  субъектілер саны 22294 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне  3080 бірлікке немесе 116 пайызға артқан.Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік саны 21820 бірлікті немесе 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 3072 бірлікке   немесе 116,4 пайызға артқан. Тіркелген жалпы көлемдегі  шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі  – 97,9 пайызды құрап отыр.Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында  жұмыспен қамтылғандар саны: 30420 адамды құрады  2022 жылдың  тиісті кезеңіне  4486 адамға  артқан немесе өсім 117,3 пайызды құрады. Оның ішінде: заңды тұлғаларда - 6220 адам; орта кәсіпорындарда 1552 адам; жеке кәсіпкерлер – 13579 адам; шаруа қожалықтарында – 9069 адам жұмыс істейді. Аудан халқының 13,1 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған. Есепті мерзімде салада  1521 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, 1986  жұмыс орны ашылған.Былтырғы  жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің  өндірген өнім көлемі 202,5 миллиард теңгені құрап,  2022 жылдың  сәйкес кезеңіне  (138,8 миллиард теңге)    145,9 пайызға  артқан. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері есебінен түскен салық көлемі 10,2 миллиард теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 132 пайызды құрап отыр.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданның 6919 кәсіпкері 7513,9 миллион теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде: «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 64 жоба – 1781,5 миллион теңге;  «Агро несиелік Корпорациясы» АҚ арқылы 22 адам - 219,0 миллион теңге; «Ырыс» МКҰ арқылы 35 кәсіпкерге -  114,8 миллион теңгеге  қолдау көрсетілген. Микрокредиттік  ұйымдар арқылы 6798 адам -  5,9 миллиард теңге көлемінде несие алған. 

Аудан әкiмiнiң мәлiмдеуiнше, экономикалық даму потенциалы аса жоғары болғандықтан, мұнда инвестиция тартуға мүмкiндiк мол.  агроөнеркәсiп кешенiн дамытуда бiрiншi кезекте аудан тұрғындарын қауiпсiз азық-түлiкпен қамтамасыз ету қажет. Азық-түлiк қауiпсiздiгi мәселесiн шешу жолдарының бiрi – отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, отандық өндiрiстiң қажеттi көлемiн өндiру, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын кеңейту. Күнделiктi халыққа қажеттi тамақ өнiмдерiнiң 20 түрiнiң 18-i, яғни, қант пен тазартылған күрiштен басқа өнiмдердiң барлығы Сайрамда өндiрiлетiнiн мақтан етпеске болмас. Жыл сайын ауданда жаңа кәсіпорындар мен зауыт, фабрикалары, шағын және орта бизнестік нысандардың қатары артып келеді. Мамандардың мәліметінге өткен жылы ауданда бірқатар жобалар жүзеге асырылып, аудан экономикасы мен әлеуетіне зор үлестерін қосуда.  Жобалардың құны 13,7 миллиард теңгені құрайды.  Ашылған жұмыс орны 364 адам. Жобалардың қатарында төмендегі кәсіпкерлік нысандар бар:

1. «Маслозавод Turkistan» ЖШС (Қарасу ауылдық округі)  «Өсімдік майын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 435,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 30 адам.

2. ЖК «Agua Classic» (Көлкент ауылдық округі) «Алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт құрылысы» жобасы.  Жобаның құны 230,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 15 адам.

3. «Ca Pable Group  мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің (Ақсу ауылы)  «Қолданыстағы қуатты кеңейту. Өнімнің жаңа түрі италиялық технологиямен жөргектің жаңа түрін шығару» жобасы бойынша құрал-жабдықтар алу». Жобаның құны 4200,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 40 адам. 

4. «Gen Group Kazakhstan» ЖШС (Қайнарбұлақ ауылдық округі) «Өнеркәсіптік (банан өсіретін) жылыжай құрылысы жобасы». Жобаның құны 1056,1  миллион теңгені құрайды.  Ашылған жұмыс орны 30 адам. 

5. «OZGE» Спорт кешенінің құрылысы.  ЖК Мырзакаримов А. (Манкент ауылы) Жобаның құны 770,0  миллион теңгені құрайды.  Ашылатын жұмыс орны 15  адам.

6. «Eco-Building Group» ЖШС (Ақсу ауылы)    Автоклавты газоблоктарбетон шығаратын зауыт құрылысы жобасы.  Жобаның құны 1026,2 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 62 адам.

7. «Gx –ЖБИ» ЖШС (Қайнарбұлақ ауылдық округі)  «Темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның құны 200,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 22 адам.

8. «Наурыз-5» ЖШС  (Ақсу ауылы)   «Жеміс-көкөністі қайта өңдейтін  кәсіпорын».  Жобаның құны 1000,0  миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 5 адам.

9. «MANGYSTAU OIL REFEINING» ЖШС  (Ақсукент ауылы) Мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт қайта іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 60 адам жұмыспен қамтылған. Өндірісті іске қосуға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Өндірістің  төлқұжаты Энергетитка министрлігінен  алынғаннан кейін, толығымен іске қосылып, өнім өндірілуі  күтілуде Жұмысшылар саны 200 адамға дейін  тартылады.

10. «ТҰРАН АГРО ЕТ-СҮТ»  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  (Манкент ауылы)  «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысы»  жобасы. Жобаның құны 450,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

11. «Meat magnat" ЖШС   (Қарабұлақ ауылы) 2 000 ірі қара мал басына арналған бордақылау алаңы. Жобаның құны 800,0 миллион теңгені құрайды. Ашылған жұмыс орны 10 адам.

12. «SAMID MASTER»  ЖШС (Манкент ауылы) Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдейтін зауыт  құрылысы (Сүт зауыты).  Жобаның құны 650,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. 

13. «Sairam Food Produkts»  ЖШС (Ақсу ауылы)   «600 тонналық көкөніс сақтайтын қойма құрылысы». Жобаның құны 90,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 20 адам.

14. «AGRO 2022»  ауылшаруашылық өнеркәсіптік кешені (Ақбұлақ ауылы)   «400 мал басына арналған сүт-тауарлды ферма».  Жобаның құны 650,0 миллион теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 15  адам.

Мамандардың мәліметінше Сайрам ауданында биылғы 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 203,1 миллиард теңгеге жетіп, өсім 19,2 пайызды құраған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда, құрылыс салаларының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 269,0 миллиард теңгеге жеткізіп, 12 пайыз өсімді қамтамасыз ету жоспарланған. Соңғы 4 жылда өзіндік кірістер 2 есе ұлғайған.

Жыл қорытындысымен 135 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып, жеке инвестиция есебінен 2,6 есе ұлғайту көзделген. Алдағы 6 жылда құны 1 115,3 миллиард  теңгені құрайтын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм салаларында 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Нәтижесінде 7 мыңға жуық жұмыс орнын құру болжануда.

Облыс бойынша халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы экономикасының өсу резервтерін тиімді пайдалану және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен өнеркәсіп өнім көлемін 2030 жылға 3,7 есеге немесе 205,4 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Яғни, жоспар бойынша 6 жылда 635,1 миллиард теңгенің өнімі өндірілмек. 2030 жылға мал шаруашылығы саласында құны 48,1 миллиард теңгеге 15 жобаны іске асырып, өнім көлемін 188,2 млрд.теңгеге жеткізу болжанып отыр. Өнеркәсіп саласында 2030 жылға құны 912,7 миллиард теңгені құрайтын 48 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Алдағы уақытта сүт өнімдерін өндіру, мал қалдықтарын өңдейтін цех, құрама жем шығаратын, ауыр жүк көліктерінің тіркемесін және арнайы жасақталған көліктер шығару сияқты жобалар мен тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру көзделген.

Диірменде робот жұмыс істейді
Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланған кәсіпкер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу