Баланың «қайдан пайда болдым?» деген сұрағына қалай жауап беру қажет?

Oinet.kz 23-10-2019 1576

3-5 жасындағы балалар ерекше қызыққұмар болады. Бұл баланың бәрін білуге әуес құрып тұратын кезеңі. Былайша айтқанда, ол әлеммен жаңа танысып жатқан кезеңі. Бала «тіс қалай шығады?», «не үшін тамақ жейміз?», «дәрігер неге ине салады?», «мен қайдан пайда болдым?» деген сұрақтармен әуестене бастайды. Қиыны да соңғысна жауап бермек. Себебі бала психикасы адам анотомитясын білуіне әлі дайын емес. Мұндай сәтте ата-ананың жауап беруі өте маңызды. Ал жауапсыз қалған сұрақтар баланы одан да қатты мазалайтыны белгілі.

Балаға оның пайда болуын физиологилық тұрғыдан емес, сезім тұрғысынан баяндап берген дұрыс. Балаңызды қатты қалағаныңызды, әкесі екеуіңіз оның жаралуы үшін тілек тілеп, күткендігіңізді айтыңыз. Балаңыз сіздің ішіңізде ұзақ жатып, өсіп, жарық әлемге өзінің шыққысы келгенін айтыңыз. Мәне балаңыз осындай жолмен пайда болды. Сіз өтірік те айтпайсыз, бар шыныңызды да айтпайсыз.

Ал бала 6-10 жасына келген кезде, оған дәрігерлер жайлы, оның перзентханада өмірге келетінін айтуға болады.

11-16 жас аралығында баламен ашық сөйлесе берсеңіз болады. Яғни баланың өмірге келуінің физиологиялық тұстары жайлы мәлімдеп берсеңіз болады. Әсіресе осы кезеңдерде бала өмірінде өтпелі кезең басталады. Оның интимді өмірден де хабары болған дұрыс. Яғни ненің дұрыс,, ненің бұрыс екендлігіне көз жеткізуіне септігіңізді тигізіңіз.

Ас сүлгілерін қалай жууға болады?
Мен дайынмын ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу