Альфонс жігітті қалай танимыз?

201429_intext.jpg

Қазіргі таңда альфонс жігітке алданып, сан соғып қалып жатқан қыздар жайлы жиі естиміз. Жүрегі де жараланып, шығынға да ұшырап, тағдырына мұңын айтқан нәзік жандылардың қателігін қалай қайталамауға болады? Альфонстарға иммундық жүйе қалыптастырудың қандай тәсілдері бар?

Ең алдымен альфонс деген кім? Оны қалай тануға болады деген сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Альфонс дегеніміз – әйелдің нәзік тұстарын пайдаланып, өзіне аяушылық сезімін тудыру арқылы жүрекке жол табуға тырысатын адам. Ол адам сізді шын жақсы көретіндей сыңай танытып, көңіліңізді аулайды, өте сылқым келеді. Алайда мақсаты мен ойы мүлде бөлек екенін аңғару қиын. Әйтсе де шын сүйген адам сіздің проблемаларыңызға бей-жай қарамасы анық. Ал альфонстың онда шаруасы жоқ. Оған бас қатырып қайтсін!?. Тағы бір белгісі – кенеттен басына қиын іс түсіп, сізден ақша сұрауы. Өзі туралы көп айтқанды ұнатпайды.

Сонымен сөйлесіп жүрген адамыңыз альфонс болып шықты делік. Одан әрі алданбас үшін не істеу керек? Қандай амалдар қолданасыз?

Ең алдымен оған деген қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Өзін әлсіз ретінде көрсететін еркектің жай ғана еркелетіп басынан сипайтын үй жануары күшік пен мысықтан айырмасы жоқ. Сондықтан оны жүрекке жақын қабылдап, оған бар назарыңызды салып, ақша шашудың қажеті жоқ. Сіз мысығыңыз немесе күшігіңізге ақша бермейсіз ғой. Тура сол секілді. Алайда үй жануары ішкен суы мен жеген тамағына альфонс жігіттен қарағанда адал келеді. Себебі сіздің «сүйікті» альфонсыңыз сізден жақсы адам тапса, сізді оңай «лақтырып» кетуі әбден мүмкін.

Ондай жігіттердің көбі жұмысының сәтсіздігін немесе жұмыс таппай жүргендігін, жұмыста жолы болмайтындығын сылтау етеді. Жұмыс таппай жүргенін сылтау етіп жүрген «жігітіңізге» жұмыс тауып беріп көріңіз. Содан кейінгі оның әрекетін бақылап көріңіз.

Кездесуге шақырып, ішкен тамақтың ақысын қандай да бір сылтаумен сізге төлеткен кезі болып па еді? Тура сол жағдайды өзіне жасаңыз. Әмияныңызды «үйде қалдырып кеткеніңізді» сылтау етіп, одан көмек сұраңыз не болмаса ақша сұраңыз. Сонда оның шын мәнінде альфонс екеніне тағы да көзіңіз жететін болады. Себебі біреудің ақысына өмір сүріп үйренген адам біреу үшін қалтасынан көк тиынын да қимайтынына сеніңіз. Есесіне көзіңіз ашылып, кіммен сөйлесіп жүргеніңізді біліп, оған деген көзқарасыңыз өзгеретін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сәбиге ерекше есімдер
  • Үтіктегі дақты кетірудің 5 жолы
  • Үйлену тойдағы ең үздік фотосуреттер
  • Қойдың басын қалай үйлестіреді?
  • Тіс пастасының пайдасы
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика