Қалай жоғары лауазым иеленуге болады?

Oinet.kz 08-01-2020

Ұжымда тиімді жұмыс істегісі келетін адам үшін қарым-қатынас дағдысының орны бөлек. Әріптестерімен жылы қатынас орната білу –лидерлік қырыңызды аша түседі. Сондай-ақ,  электронды пошта, телефон, әлеуметтік желілерде әңгіме жүргізу, «айтқызбай түсіну» дағдысын дұрыс пайдалану сіздің қабілетіңізді жоғары динамикаға жеткізеді. Өзінің мансаптық өсуін жеделдету үшін жұмыста коммуникацияға байланысты көптеген факторларды ескеру қажет. Жыл бойы өнімдді еңбек еткен адам мен  белсенді әрі тиімді еңбек еткен маманның қайсы жоғарыға көтеріледі деп ойлайсыз? Барлығы сәттілікке айланысты емес. Тек сіздің өзгелерге пайдалы еңбек ете білуіңізде. Қызметтік өрлеуде клиникалық психолог Дарья Милайдың кеңестерін ұсынамыз!

4.1.jpg

Адалдық-бәрінен жоғары

Жұмыс берушілер бизнес-үдерістер туралы ғана емес, өзінің қызметкерлері туралы жиі ақпарат алғысы келеді. Сіз туралы пікір бір рет қалыптасып, сол темпте сақталмайды. Бір жерде қателестіңіз бе, мойындаңыз. Екінші рет сол әрекетті қайталамауға тырысыңыз. Сізді бастық бақылағанда ғана өнімді жұмыс жасау-еңбек қабілетіңізді шектейді. Сізді әркез бастығыңыз бақылап тұрғандай еңбек етіңіз! Жұмыстан кешігер тұста да, иесіз затты қолыңызға алар шақта да адалдықтан суыт кетпеуіңіз керек.

Өзіңізге тән дағдыларға сарапшы болыңыз

Еңбек этикасын сақтаңыз. Сіз басшы болсаңыз, жұмысшылардан қандай дағдыларды талап етесіз? Міне өзіңіз қалаған дағдыны өзіңізге орнықтырыңыз. Өзін басқара білмейтін адам, өзгелерді басқаруды ойлағаны ақылға қонымсыз. Жұмысқа уақтылы келіңіз, тапсырмаларды уақтылы орындаңыз. Сізге қажет емес ішпыстырарлық диалогта да саусқаннан сақ болыңыз. Миыңызға түсер ақпарат өзіңізге байланысты. Жағдаятқа фокус жасауды, өзге ракурста қарай білуді әдетке айналдырыңыз.

Әр сәттен сабақ алыңыз

Білім-сананың азығы. Сіздің мамандығыңыздың кеңістігі сәт сайын жаңарып, жаңа тенденциялар қабылдайды. Соған сай сіз де өзгерістерден қорықпаңыз. Білім жетілдіру курстарынан жиі өтуіңіз ріптестеріңіздің сіздің танымыңызға деген құрметін оятады. Басшылық арнайы нұсқаулықпен оқу бағдарламасын ұсынса, қашпаңыз! Бұл-сізге рухани баланыс орнатуға үлкен мүмкіндік!

665x495_1_e4f6e739e96fae9952381882968084f5@1000x745_0xac120003_20917557491577183309.jpg

Адамгершілікті ұмытпаңыз

Адам-темір емес. Әріптестеріңіздің үлгере алмаған шаруаларына  көмек көрсетіңіз. Өзіңіз де үйренесіз.  Жұмыстағы әріпестеріңізбен үйлесім табу-сіздің сыйыңызды арттырады.  Жүректі болыңыз!

Идеяларыңыздан ұялмаңыз

Жұмыс тәртібі 10 қадаммен орындалатын жұмыс болса, дәл солай болу керек деген қалып жоқ. Нәтижесін тап солай етіп, аз еңбектене алсаңыз, керемет нәтиже. Ұялмаңыз!  Бұл-сіздің артықшылығыңыз. Сіздің тиімді жұмыс жасуыңыз ұжымды алға сүйрейді.

Жұмыс мәліметтерін қорғаңыз

Сіздің ұжымыңыздағы оқиғалар-офис креслосында қалсын. Тіпті әлеуметтік желілерде жұмыс орныңыздан суреттер жарияламағаныңыз абзал.  Үйіңізге жеке басыңыздың әсерімен барыңыз. Өзге мекеме жұмысшысымен сөйлесу барысында жеке құпиялықты сақтаңыз.

Суреттер ашық дереккөзден алынды


Дәрі-дәрмекті үй жағдайында қалай сақтау керек?
Балаға күнде айтылуы тиіс 9 сиқырлы сөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×