Жаңғақтың зияны қандай?

Oinet.kz 01-11-2021 2748

Диетолог Артем Леоновтың айтуынша, грек жаңғақтары, миндаль, кешью және пісте энергия толтырып, қан-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Дегенмен оларды дұрыс тұтынбаса, ағзаға кері әсерін де тигізуі мүмкін.

Screenshot_3.jpg

Маманның айтуынша, жаңғақтың құрамында көптеген пайдалы макро және микроэлементтер, жасұнық пен ақуыз және өзге заттар бар. 

"Жаңғақ құрамындағы барлық пайдалы заттар белсенді емес күйде болады. Табиғи консервантпен шектеліп, ағзаға еш пайдасын тигізбейді. Су табиғи консерванттарды жоя алады, бұл – табиғи процесс. Егер жаңғақты 6-8 сағатқа суға салып қойса, құрамындағы микро және макроэлементтер белсенді күйге ауысып, ағзаға пайдасын тигізеді", - деді ол. 

Бұған дейін америкалық диетолог Лорен Манакер грек жаңғақтарында майлы қышқылдар, антиоксиданттар мен жасұнықтың көп мөлшерде болатынын айтқан. Алайда оны тұрақты түрде тұтыну денсаулыққа зиянын тигізуі де мүмкін екен. Диетолог жаңғақтың түрлі тағамдарда қосымша толықтырғыш және жақсы тіскебасар бола алатынын айтады. Алайда оның бойындағы фитин қышқылының кесірінен ағзада темір дұрыс түзілмейді дейді.  

Ағзаға жетпейтін D дәруменін таңғы ас кезінде толтыру керек
«Әбден шаршатты»: Енем жасы 85-тен асса да тиісуін қояр емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу