Қыста спорттың қай түрімен айналысқан дұрыс?

Oinet.kz 01-01-2020 1477

Қыс мезгілінде көшеде таза, суық ауамен тыныстап, физикалық белсенділікке уақыт бөлген өте пайдалы. Осындай қыстың салқын күндерінде уақытты денсаулыққа пайдалы етіп өткізу үшін қандай қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға болады?

Қыс мезгілі келгенде жылы көрпеге оранып, үйде отырғаннан бір мезгіл тысқа шығып, спортпен шұғылданған пайдалырақ. Қыстыкүні спортпен шұғылдану тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, сондай-ақ денсаулыққа айтарлықтай жақсы әсер етеді. Әсіресе таза ауада көп жүру тұмауға қарсы тұруға септігін тигізеді. Ол үшін спорт түрлерімен шұғылданған дұрыс.

Screenshot_4.jpg

Шаңғы

Шаңғы тебу кезінде адам ұзақ уақыт бойы қозғалыс үстінде болады. Жаттығу кезінде тамырлар, өкпе, жүрек пен тірек-қимыл жүйесі өнімді жұмыс істеп, иммунитет нығаяды және шыдамдылық арта түседі.

Шаңғы тебу артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де пайдалы. Себебі 60 минут жаттығу кезінде 500-600 калорияны жоғалтуға болады. Сонымен қатар аяқ, қол, бөксе және іштің бұлшықеттері жұмыс істеп, нығая түседі.

Сноубординг

Сноубординг – тау-шаңғы спортының бір түрі. Бұл спорт түрі денсаулыққа пайдалы. Сноубордпен айналысқанда барлық бұлшықеттер тобы қозғалысқа келеді, әсіресе аяқ, жамбас, іш және бөксе бұлшық еттері. Сонымен қатар сноубординг вестибулярлы аппаратты нығайтады, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, қанды оттегімен қанықтырады. Бұл спорт түрі төзімділікті, қозғалыс координациясын дамытады және зат алмасу мен тепе-теңдік сезімін жақсартады. Оның тағы бір ерекшелігі психикалық денсаулыққа қажет жақсы әсерлер сыйлайды.

Денсаулықты нығайту үшін сноубордқа аптасына кем дегенде 1–2 рет бір сағаттан астам сырғанау керек. 60 минутта 400 калориядан арылуға болады.

Коньки

Коньки қозғалыс үйлесімін жақсартып, денені тепе-теңдікте ұстауға және икемділікке арттыруға септігі мол. Мұндай спорт түрі аяқ пен сандағы бұлшықеттерді дамытады.

Конькимен жүгіру спорты иммунитетті жақсартып, ағзаны тонуста ұстауға көмектеседі, сондай-ақ денені тартымды етіп, аяқ, жамбас, сан бұлшықеттерін нығайтып, бақыт сезіміне жауап беретін гормондардың бөлінуіне жағдай жасайды.

Егер аптасына 3 реттен 60 минуттан жаттықсаңыз, 400-500 калория жоғалтасыз. сондай-ақ таза ауада коньки тепкен кезде ағза қатая түседі.

Хоккей

Кәсіби хоккей жарақат алу қаупі жоғары спорт деп есептеледі. Алайда әуесқойлық деңгейдегі ойындар қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы. Жаттығу кезінде дененің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі бұлшықеттер жұмыс істейді. Әсіресе аяқтың, қолдың, ішектің, арқаның бұлшықеттері көп қозғалыста болады. Хоккей иммундық жүйені нығайтады, тірек-қимыл жүйесінің функцияларына және вестибулярлық аппаратқа оң әсер етеді.

Сондай-ақ хоккей топта жұмыс істеуге, шыдамдылықты арттыруға, қозғалыстарды үйлестіруге және табандылыққа үйретеді. Мамандар кем дегенде 60 минуттай уақыт (қысқа мерзімді үзілісті есептеп) хоккей ойнауға кеңес береді. Аптасына 1-2 рет жаттығу керек.

Шана

Бала кезде бәрі сайдан шанамен сырғанады. Бұл спорт түрі текуақытты қызықты өткізуге ғана емес, сондай-ақ денсаулыққа тигізер пайдасы да көп. Сондықтан шана ересек жастағылар үшін маңызды. Қан қысымын қалыпқа келтіріп, жүрек бұлшықеттерін нығайтады, артық салмақтан арылтады және көңіл-күйді көтереді.

Дельфиннің денсаулыққа пайдасы
«Мен – тірімін!». Ракты жеңген әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу