Суға түсу қауіпті ме?

Oinet.kz 25-05-2020 687

Жазғы шомылу маусымы басталады. Осыған орай Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс халқын, демалушыларды суға түсуде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.

Стационарный бассейн для дачи: как сделать стационарный бассейн ...

Шомылу – денсаулыққа өте пайдалы. Дегенмен көпшілікке арналған демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз абзал. Жүзу бассейндеріне мынадай талаптар сақталуы тиіс. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі. Бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Бассейндерде кептіргіштер немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады.

Демалыс орындарына барғанда гигиеналық тазалықты қаншалықты сақтайтынына көз жеткізіңіз. Өйткені шомылатын орындардан мынадай ауру түрлерін жұқтыру қаупі бар екенін еске саламыз:

- серозды менингит;

- «А» гепатиті;

- герпес – көздің шырышты қабығының ауруы;

- тұмау және ОРЗ аурулары;

- лямблиоз – паразитті жұқпалы ауруының вирусы;

- түрлі тері аурулары.

Суға шомылушыларға кеңес

- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;

- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;

- Шомылатын орындардан ауру жұқтырмас үшін арнайы майларды пайдаланыңыз;

- Бассейнге кірмес бұрын және бассейннен шыққанда денені сабындап жуу керек. Өзіңізбен бірге жуыну құралдарын (сабын, сусабын, денеге арналған гель) алып барыңыз.

Денеңізде жарақат болған жағдайда шомылатын орындарға бармағаныңыз абзал. Ондай жағдайда жарақатыңыз асқынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ мамандар 2 жасқа толмаған баланы бассейнге түсірмеуге кеңес береді. Себебі, хлорланған су сәбидің терісіне кері әсерін тигізіп, тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларына, демікпе дертіне шалдықтыруы мүмкін.

ТМККК мен МӘМС-тің айырмашылығы
Нәрестенің тамақтануы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу