Терапия түрлері

Oinet.kz 26-05-2020 2663

«Арт-терапия» ұғымын 1938 жылы суретші Адриан Хилл санаторийдегі туберкулезбен ауыратын аурулармен жұмыстарын суреттеу кезінде енгізген. Бұл әдіс АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік лагерьлерден әкелінген балалармен жұмыс жасауда қолданылған. Арт-терапия өзінің даму кезеңдерінде З.Фрейд, К.Г.Юнгтың психоаналитикалық көзқарастарын бейнеледі, психоаналитикада клиенттің көркемдік іс-әрекеті (сурет, мүсін, инсталляция) оның ұғынылмайтын психикалық процестерін бейнелейді.

Искусство лечит: что такое арт-терапия и кому она подойдет

Арт-терапия – бұл өнерге, ең алдымен бейнелеу және шығармашылық іс-әрекетке негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі. Арт-терапия (ағылшын тілінен art – өнер, therapy – терапия, емдеу, күтім жасау, қамқорлық) – өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапия және психологиялық түзету түрі.

Арт-терапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, глинотерапия, құм терапиясы.

Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген. Өзіңіздің мінезіңізден арылғыңыз келсе, төмендегі музыкалар арқылы болмысыңызға өзгеріс енгізуіңізге болады.

Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін – Шопен "Мазурка", Штраустың «Көктемгі вальс», Рубинштейннің "Пьеса" (Фортепианоға арналған).

 Ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін – Бах, "Кантата №2", Бетховен "Айлы соната". «Прелюдия және фуга» ре минор (d moll, a moll).

 Жалпы тыныштандыру үшін – Бетховен "Симфония №6", 2 бөлім, Брамс "Колыбельная", «Венгериялық би 1,5,6» Шуберт "Аве Мария".

 Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарымқатынастағы кернеулікті жою үшін – Бах. Скрипкаға арналған "Концерт ре-минор", соль минор, ля минор.

 Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды азайту үшін – Моцарт "Дон Жуан", Лист "Венгер рапсодиясы  №1", Хачатурян "Сюита Маскарад".

  Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін – Чайковский "Алтыншы симфония", 3 бөлім, Бетховен "Уверюта Эдмонд".

Қатігездікті, қызғаншақтықты жою үшін – Бах, "Италялық  концерт", Гайдн "Симфония".

 Зейінді шоғырландыру, тұрақтандыру үшін - Чайковский "Жыл мезгілдері",  Дебюсси "Ай жарығы", Мендельсон "Симфония №5".

 Құм терапиясы- құм арқылы сурет салған емделуші өмірде түйіні жоқ деп қарастырған ситуацияларының жауабын таба алады. Әдісті психологиялық ем ретінде ең алғаш Карл Юнг қарастырған. Әдісті арнайы психоаналитик мамансыз үй жағдайында жасауға болады. Сондай-ақ, ашуланшақ мінезі қиын баламен жұмыс барысында таптырмайтын көмекші. Бала тиянақы әрі ұстамды болып қалыптасу үшін ата-аналар бұл тәсілді үйдегі ойын ретінде дағдыға айналдырса болады. Ішкі сырын ешкімге айтпайтын адамдардың құмдағы ең алғаш салатын суреті- жан дүниесіндегі шиеленіске негізделеді. Түрлі құбылыстардан (найзағай, жауын, қатты дыбыс), жануарлардан қорқатын адамдардың фобиясын жеңуге құм терапиясы сеп болғандығы жөндегі ақпараттар көп кездеседі. Былдырлап әрнәрсені түсіндіргісі келгенімен сөздерді нақты айтпайтын балалары үшін алаңдайтын ата-аналар балаларына шағын құмзар жасап беруіне болады. Бала кез келген нәрседен тез жалығады. Әртүрлі қалыптағы бейнелерді жасауға құмартып танымын кеңейтеді. Сондай-ақ, балаңыз тұйық болса, құмзарға өзге балаларды шақырсаңыз, ойын барысында тіл табысу оңайға түседі. Агрессиясын, комплексін бала ойын барысында оңай жеңеді.

 Библиотерапия - арнайы таңдап алынған әдеби шығарма арқылы тұлғаның психикасын қалыпқа келтіруге және жақсартуға көмектесетін терапия."Библиотерапия" термині ХХ ғасырдың басында Америка Құрама штаттарында, ғалымдар кітаппен емдеу әдісін ойлап шығарғанда пайда болды. Ежелгі Египетте фараон ІІ-Рамзестің кітап қоймасына кіре берісте "Жан дәріханасы" деп жазылған. Ежелгі Грецияда әдебиет жан саулығымен байланыстырылып айтылған. Қазірде бестселлерге айналған кітаптың басым бөлігі «емдік кітаптар».  Луиза Хэй, Дэйл Карнеги, Ник Вуйчич секілді шетелдік авторлардың биографиясын қарап көп адам өз өміріне жігер, қайрат іздейді. Адамдардың барлығы бақытсыздыығын қаржылай жетіспеушілікпен түсіндіргісі келеді. Бұл құбылысты мотиваторлардың жарнамасынан пайда болған тәуелділікпен түсіндіруге болады. Дұрысы, қаржыға қатысы жоқ сюжетке құрылған кітаппен рухани ем алу. Балалардың психикасын жақсарту үшін ертегі терапиясы таптырмас тәсіл. Бүлдіршін ертегі есту арқылы өзіндік ой-пікірін дұрыс қалыптастыра алады. Әрі сыртқы орта туралы көзқарасты ата-ананың қалыптастыруына мүмкіндік жоғары болады.

Сурет терапиясы- күйзелісті басып, түрлі фобиялардан арылуға, қиялды ұшқырлауға, түрлі көңіл-күйді ашық көрсетуге бағытталған ем түрі.  Адамның бейнелеу өнері емінде алғаш салған сурет-өмір туралы түсінігін ашады. Тіпті бақылаушының ойын шалғытуға бағытталған суреттерден кейін адам ішкі сырын келесі жолы салған суреттерінде еріксіз салады екен. Сурет салу барысында қолданған түстеріңіз сіздің көңіл күйіңізді көрсетеді. Бір парақ алып, түрлі-түсті бояумен сурет салып көріңіз.  Өзіңіздің қай түсті басым қолданғаныңызды анықтап, психологиялық күйіңізді сараптасаңыз болады.

Көк- тыныштыққа ұмтылатын, бірақ оңаша күйде сирек қалатын тұлғаларға тән талғам.

Қанық жасыл- өзіне деген сенімді арттырғысы келетін, батыл болуға ұмтылатын адамдарға тән түс.

Қызғылт немес қызыл- бұл түсті өміріне үлкен өзгеріс енгізгісі келетін адамдар жиі қолданады.

 Ашық сары -  көңілді жүретін, ашық мінезді адамдар жиі қолданатын реңк.

Тоқ сары- жоспарсыз жүретін индивидтер жиі қолданатын реңк. Бұл типтегі адамдарға болашаққа деген сенім мен үміт жетіспейді.

 Жасыл- мейірімділі, жұмсақ мінез иелерінің таңдауы. Десек те, бұл типтегі адамдарда амбиция жоғары болады.

Ашық қызыл-жеңіске жетуге деген табандылықты  аңғартады.

Глинотерапия- саздан  түрлі пішіндердегі мүсін жасау арқылы психикалық күйді жақсартуға бағытталған ем түрі. Неміс психологі, профессор Хайнц Дойзер бұл бағытты зерттеуге 20 жылын сарп еткен. Сазбен емдеу әдісі тек соңғы жылдарда танымалдыққа ие болды. Балалар 3 жастан асқан соң қолын епке келтіріп, жазу қабілетін меңгеру үшін айналысуына болады. Глинотерапия өз эмоцияларын түсінуге және бақылауға , сезімдерді сыртқы ортаға білдірудің конструктивті тәсілін табуға көмектеседі.

Кинотерапия- адамның өміріндегі ситуациялардан фильмдегі көркемдік шешім арқылы шығуға жол табу, өзіндегі теріс қасиеттерді фильмдегі кейіпер боынан тамашалап , ол мінезінен арылуға  жетелейді. Кейбір фильмдер аяқсыз қалғандай әсер етеді. Себебі, фильмді әркім өз болмысына сай етіп яқтауға мүмкіндік береді. Агрессиясы басым адамдар кейіпкерлерді ойланбай «өлтіре салса», позитивке бай көрермендер кейіпкерді кез келген ситуацияда «құтқарып қалады».

Назарларыңызға психологиялық емге арналған үздік фильмдер тізімін ұснамыз: «Емделушілер» (АҚШ, 2008 жыл), « Ақылды Уилл Хантинг (АҚШ, 1997 жыл), «Ақыл ойындары», (АҚШ, 2001 жыл), «Мен және басқалар»(КСРО, 1971 жыл) , «Қауіпті әдіс», (Ұлыбритания, Германия Канада, Швейцария, 2011 жыл).


Көңіл күй күйзелістерін емдеу және алдын алу
Дәрігерлер МӘМС пакеттерін жатқа білуі керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу