Өттегі 831 тас

Oinet.kz 26-05-2020 664

Науқастың өтінен алынған ең көп тастың саны – 831. 2002 жылы румыниялық дәрігерлер осындай медициналық рекорд орнатқан. Өтте тас байлану, яғни холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады.

Өт шығару жолдарының дискинезиясы | KazMedic

Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу-Насыр әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К.Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Өтте тастың пайда болуына семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Оттегі холестерин шала ыдырауының әсерінен өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады. Өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды. Алдын алу үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5-6 рет ішу керек; рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.

Что делать, если разбили ртутный градусник?
Өзіңді тұмаудан сақта!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу