Малды неге бауыздайды?

Oinet.kz 26-05-2020 896

Адам жеген азықтықтардың нәрі қанға өтіп, дене мүшелеріне тасымалданады. Сондықтан ішпек-жемектің тазалығына, дұрыстығына барынша көңіл бөлген жөн.

Егер улы азықты жеп қойса, уы қанға өтеді де бүкіл организмді бүлдіреді. Сол үшін ауырған, өлген не улаған малдың етін жемейді. Ал сау малдың өзін сойғанда бауыздап, қанының толық ағып шығып кетуіне мүмкіндік жасайды.

Құрбандықты түстен кейін немесе түнде шалуға бола ма? Alashainasy.kz

Оның үстіне қан тамырдағы тазартылмаған қан құрамында да көмір қышқылы газы секілді заттар болады. Мысылы, жылан шағып алғанда, уы денеге тарамау үшін сол жерді екі жағынан буып тастап, уын сорып түкіріп тастайды.

– Қазір мал етін сатып алғанда бір қарап-ақ қандай ет екенін яғни, қалай сойылғанын білеміз. Мысалы, кей азаматтар таразы тартсын деп малдың қанын толық ағызбайды. Ондай малдың еті қанталап, қарайып тұрады. Мәселен, өлген малдың еті де сондай болады. Егер қаны толық шыққан болса қызарып тұрады, – дейді аспаз Нұрболат Құрманхан. Оның айтуынша, мал етін аларда оның түсіне де көңіл бөлу керек.

Алғашқы ота
Жанұяны жоспарлау сапалы өмірдің бастауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу