Меланома – жасырын қауiп

Oinet.kz 25-05-2020 714

Көптеген халықтарда денесiнде туа бiткен мең (родинка) болса, ол байлық, бақыт, сәттiлiк әкеледi деп жәнеде сұлулықтың белгiсi деп есептеледi екен. Өткен ғасырдың ортасына тамам жасанды қалдарға (мутки) сұраныс көбейе түстi. Мүмкiн шынында да бар адамдар бақыт пен байлыққы кенелген болар, бiрақта олардың көбiсi туа бiткен меңдердiң (невус) өте қатыгез аурумен байланысы бар екенiн бiле бермейдi.

image.png

Невус – терiде дақтық түйiн ретiнде болады, адамдардың 98 пайызында кездеседi. Туа бiткен дақтардан (невустан) қатерлiлiгi өте жоғары – меланома ауруы т.б. Өткiзiп алған жағдайларда өлiм жиiлiгi 100 пайызға жетедi. Өкiнiшке орай өткiзiп алған, асқынған жағдайларда медициналық көмек екiталай. Бiрақта онколог мамандарына алдын ала, ерте қаралғанда адам өмiрiн сақтап қалуға болады, әсiресе оның жастарда маңызы өте зор.

Әрине әрбiр невустың меланомаға айналуы мiндеттi емес. Бiрақ та науқастардың көпшiлiгiн, өкiнiшке орай бұл дүниеден өтiп кеткен адамдардың басымының өмiрiн сақтап қалуға болар едi.

Бiр айта кететiн олардың барлығы өз денсаулығына салғырттықпен қараған. Туа бiткен қалдарының қабынып, жарылып, өсiп, қансыраған кезiнде де дәрiгерге қаралмаған, нәтижесiнде қатерлiлiгi өте жоғары, тез өсетiн және тарайтын – меланома ауруына шалдыққан.

Туа бiткен қалдардың (невустың) өзгергендiгiнiң белгiлерiн атап өтудi өзiмiздiң дәрiгерлiк және азаматтық борышымыз деп санаймыз;

1. Невустың тез өсiп, қатаюы;

2. Түсiнiң өзгеруi, күңгiрттенуi немесе ағаруы;

3. Қызу, шаншу, қышыну сезiмдерiнiң пайда болуы;

4. Жарылып, қансырауы;

5. Невус бетiндегi түктердiң түсiп қалуы;

Осы өзгерiстердi байқасаңыз, Шымкент қаласындағы №6 емханасына қаралуыңызды сұраймыз.

А.НӘБИЕВ, 

жоғары дәрежелі онколог 

Туабітті мерезден сақтаныңыз!
Метросексуалдар кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу