Әл-Фараби және Медицина

Oinet.kz 03-06-2020 5220

Биыл "Әлемнің екінші ұстазы" атанған  Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Осы орайда сегіз қырлы ғұламаның медицина саласына сіңірген еңбегін айта кетпеске болмас. 

image.png

«Адам денесінің жетілуі -  оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек»                      

Әл-Фараби және медицина

Биыл "Әлемнің екінші ұстазы" атанған  Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Осы орайда сегіз қырлы ғұламаның медицина саласына сіңірген еңбегін айта кетпеске болмас. 

    Әл-Фараби заманауи Қазақстан аумағындағы Фараб  қаласында 870  жылы дүниеге келді. Туған жері Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен. Болашақ философтың әкесі әскербасы және құрметті түрік отбасының өкілі болған. Атақты түрік ұлының толық аты-жөні: Абу-Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Ибн-Тархан ибн-Ұзлақ әл-Фараби ат-Түркі. 

Әл-Фараби өмірбаянында балалық шағы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Жасөспірім кезінде  Аристотель, Платон шығармаларын мен теорияларын оқығанды жақсы көрді. Көбінесе  Самарқандта, Ташкентте және Бұхарада өмір сүрді. Біртіндеп әл-Фарабидің білім деңгейі энциклопедияға айналды. Ол логика мен жаратылыстану, медицина және шет тілдерін оқып, музыканы жақсы көрді. 

Ғалым Бағдат қаласына жалғыз барған. Бұл қала сол кездері мәдениет, ғылым және өнердің  орталығы болды. Адамдардың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік құрылымы жоғары болатын.

Аңыз бойынша, Әл-Фараби Бағдатта сот қызметкері болып жұмыс істеді. Бірақ біраз уақыттан кейін ол қызметін өзгертіп сабақ бере бастады. Ғылыми еңбектерден тұратын досының кітапханасын  оқығаннан кейін шабыттанып, ғылымға қызмет етуге бел буған. Замандастары философты  ақылды және талантты тұлға ретінде білетін.  Ойшыл  атақты ғалымның атағына ие болып 932 жылы Бағдаттан кетеді.

Ғылым жолы

Философтың шығармалары шартты түрде екі санатқа бөлінеді. Біріншісі ғаламның заңдарына, адамның өміріне және дүниетанымына арналған. Математика, астрономия және геометрия ғылымдарына байланысты заңдарды зерттеген. Сондай-ақ, уақыт пен кеңістіктің тұжырымдамасы туралы теориялар айтқан. Екіншісі жабайы жануарларға арналған жұмыстар мен олардың қолданыстағы заңдарын қамтиды. Олар химия, биология, медицина, оптика және физиканы ғылымдарын қамтиды.

Ғалым Фараби рухани күш табиғатын анықтауға көп мән берген. Ол өзінің «Даналық негіздері» атты еңбегінде адам табиғатының қасиеттеріне қарай оның сыртқы және ішкі дүниесінің бар екенін айтады. Қоршаған ортаның құбылыстарын тани алатын физиологиялық дене құрылысы мен бітім болмысын құрайтын сыртқы тән сезімдері ішкі дүниеге де әсерін тигізеді. Ал ішкі құпия дүние дегеніміз - адамның рухани күштері. Өз кезегінде, даму процесінің үш түрі бар. Ол адамның, жануардың және өсімдіктің дамуы. Дамуды осылай жіктеген Әл-Фараби дамудың мазмұнын түсіндіруде: «Өсімдіктерше өз ұрпағын, өзіне тән құрылыс сипатын сақтап қалуды ғана мақсат тұту немесе жануарларға өзінен басым күштермен күресу сияқты мінез-құлықтармен қорғанатын даму мен таным барысындағы ортақ ұқсастықтар адамзат баласының өрісін кеңейте алмайды. Адамның тіршілік етіп дамуы, оның пайдалы, ізгі, игі мақсаттарға бағытталған жолды таңдауына, шындыққа ұмтылуына байланысты. Мұндай үлкен мақсаттарға жетелейтін адамның санасы ғана» . Оның еңбектерінде адам баласының ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі арасалмағына ерекше мән беріледі. Ғалымның айтуынша, рухы әлсіз адамдардың ішкі әлемін құрайтын сезім күйлерінің терең өріс алуы оның сыртқы дүниесінің белсенділігін өшіреді, яғни дүние құбылыстарын дұрыс табиғи тепе-теңдікте қабылдай алмайтындай жағдайға жеткізеді

"Медицина каноны" 

Әлемнің Екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз білім және ғылым саласында әмбебап ғұлама атанған. Себебі, ол әдебиет, өнер, философия, химия, физика және медицина тағы да басқа салаларға өзгеше үлес қосқан тұлған. Ол Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосқан. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы айтады. Мамандардың айтуынша, “Медицина каноны” атты еңбегін бірнеше тілге аударып жазыпты. Туынды орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына ықпал еткен.

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасырда философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» дейді. Сондай-ақ, денсаулық саласы бойынша да нақыл сөздер жазып қалдырған. Мысалы, «қандай ғылым болса да, ол — адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды», «адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. 

Сонымен, Әл-Фараби бабамыздың дүниежүзілік медицина саласына қосқан үлесі мен алғышарттары айтарлықтай. Бүгінгі ұрпақ өз бабасының осы жетістіктерімен мақтанып қана қоймай ары қарай жалғастырып, мақтанарлық дәрежеге жетсе дейміз.    Елімізде ең басты құндылық – адам болғандықтан, адам өмірінің мәні мықты да салауатты денсаулықта. Сол себепті бүгінде өз алдына жеке арна болуға сұранып-ақ тұрған нақ осы – медицина саласы. Бірлі-жарым медицина жайындағы бағдарламалар жыртыққа  жамау болып жарытпайды. Бүгінгі ғасыр ғылым мен техниканың, цифрлық технологияның заманы болғандықтан медицина да сол көштен қалмай халыққа лайықты қызмет көрсетуі шарт. Ақпараттар ағынының көшінен қалмай, медицина арнасы ашылса ел тұрғындарының медициналық сауаты кемелденіп, дертіне шипа іздегендер өз қажетіне жарар ақпарат  алатын еді.

Нұрила ЖҰМАДІЛЛӘ

Дезодарант дезинфекциялауға көмектеседі
Зығыр майы – шаштың мықтылығын сақтайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу