Дәрігерлер босану кезінде нәрестенің қолын жұлып алған
Үндістанның құқық қорғау органдары 30 шілдеде Харьяна штатының Мандихера қаласындағы ауруханада болған оқиғаға байланысты тергеу бастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі The Times of India-ға сілтеме жасап.
Онда дәрігердің қателігінен жаңа туған сәбидің қолы жұлынып кеткен.
Басылымның мәліметінше, босану кезінде медициналық персоналдың шамадан тыс дөрекі әрекетінен нәрестенің бір қолы толықтай жұлынып кеткен. Сәби аман қалған және көршілес қаладағы басқа клиникаға ауыстырылған.
Аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, ауруханада бекітілген медициналық көмек көрсету стандарттары мен Үндістан Конституциясында кепілдік берілген өмір сүру және денсаулық құқығының бұзылғаны анықталды.
– Бұдан бөлек, комиссия баланың қолының не себепті жұлынғанына байланысты нақты түсініктеме мен нәрестеге жасалған ем-дом және оңалту шаралары туралы мәлімет беруді талап етті, — делінген хабарда.