Анасы жеген тамақ балаға сүт арқылы бара ма?

Oinet.kz 04-06-2020 912

1991 жылы АҚШ ғалымдары осы сұрақ төңірегінде тереңірек зерттеп, мынадай қорытынды шығарды. Ана қандай жағдайда болса да, қандай тамақ жесе де, ағзасы сүт бөлуге қабілетті. Тіпті анасы белгілі бір диета ұстанып, көп тамақтан шектелсе де, баласы дені сау, қалыпты деңгейде өсуге мүмкіндік бар. Пайдалы тағамдарды молырақ жеуі бала үшін емес, ананың өз денсаулығы үшін ғана қажет. Сүті қою не сұйық, сапалы болуы жеген тағамдарына байланысты емес. Гамбия, Эфиопия секілді елдерде күн көріс қиын, азық аз екені белгілі, осы жерде де аналар баласын омырау сүтімен асырай алады. Олар тамақ құнарлылығын қанша арттырса да, ол сүттің сапасын өзгертпейтіні анықталған. Көбірек тамақтану сүтті молайтпайды, ана ағзасындағы май үлесін көбейтіп, тері асты майларына айналады екен. 

Бұл нені көрсетеді? Ағзаңыз қандай сүт бөлуге қабілетті, сондай сүт қана шығады. 

ана-мен-бала-2.jpg

Ағзаңыз спортқа дайын ба?
Көзге пайдалы өнімдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу