Қотыр ауруынан қалай емделуге болады?

Oinet.kz 21-06-2019 5250

Screenshot_14.jpg

Қотыр - бұл  жұқпалы терi ауруы, оның қоздырғышы қотыр кенесi.

Қотыр кенесi адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейе бастайды, ол адам терiсiнде жұмыртқа салады, олардан 7 –10 күн өткен соң, ересек қотыр кенелерi пайда болады.  Қотыр кенелерi және олардың личинкалары   төсек жаймаларын және iш киiмдердi қайнатқанда, оларды   үтiктегенде бiрден жойылып кетедi. 

Қотыр кенелерi  қотыр ауруымен  ауырған адаммен тiкелей  тығыз қатынаста болғанда, сондай-ақ олардың пайдаланған төсек жаймаларын және iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн, сүлгiлерiн, қолғаптарын, сондай-ақ басқа да заттарын пайдаланғанда жұғады.  Санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатаханалардан, қонақ үйлерден, жүргiншi поездарынан жұқтырып алуға болады. Аурудың жасырын кезеңi 7 күннен 10 күнге дейiн, кейде 1,5 айға дейiн созылуы мүмкiн.

Аурудың өзiне тән белгiлерi - қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде  бөртпелердiң  пайда болуы.   Қотырдың  ерекшелiгi-  ауырған адамның денесi әсiресе түнде қатты қышиды. Терiнi үнемi қасығанда оған микробтар  түсiп,  қотырға   терiнiң iрiңдi  жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi. Қотырға қарсы арнаулы емдi  терi ауруының дәрiгерi  ғана жүргiзедi. Ауырған адам өзiн-өзi емдеуге  болмайды.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижелерiне қарағанда    қотырмен  әлеуметтiк  жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар  жиi ауырады. Қотырмен ауырған адамдардың  ең көп саны  мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында жаңа ұжымдар  құрылғанда, яғни күзгi –қысқы уақыттарда тiркеледi. Облыстағы оқу орындарынданың  студенттерi мен кәсiптiк техникалық және жалпы бiлiм беретiн мектеп оқушыларының арасында   ауру жиi тiркеледi. Олар қотырмен ауырған адамның киiм-кешегiн, жеке гигиеналық заттарын және төсек жаймаларын пайдаланғанда жұқтырады.

Қотырды жұқтырмау үшiн  мынадай қарапайым жалпы гигиеналық ережелердi орындау қажет:

Әрбiр 5-6 күн аралығында  моншаға түсiп, жуынып отыру керек.

Іш киiмдердi   және  төсек жаймаларын  жиi-жиi ауыстырып, жуып, үтiктеп отырған дұрыс.

Әр адамның жеке сүлгiсi   болғаны жөн.

Үйге келген соң мiндеттi түрде қолды сабындап жуу керек.

Жаңадан сатып алған  киiм-кешектi, iш киiмдi және  төсек жаймаларын мiндеттi түрде үтiктеген  дұрыс. 

Қотыр ауруына сәл күдiктенгенде дереу терi ауруларын емдейтiн дәрiгерге көрiну қажет. 

Дәрiгерге ерте қаралу - аурудың айналасындағы адамдарға қотырдың  таралмауын және   одан тез сауығуын қамтамасыз етедi.

Д.Кенжеева,

ОТВД дәрігер-дерматовенерологы  


Маса кімдерді «сүйеді»?
Шомылу маусымында нені ескеру қажет?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу