Шомылу маусымында нені ескеру қажет?

Oinet.kz 24-06-2019 1172

1533560129_38676812_303235236901220_5969670238365548544_n.jpg

Мамыр айы келісімен ел жазғы демалысын жоспарлап бастайды.  Адамдардың басым бөлігі түрлі шипажайларға, ал кейбірі жағажайларға сабылады. Тіпті болмады деген күннің өзінде хауызға барып бой сергіткісі келетіндер көп. Күннің аптап ыстығында шомылу орындары адамдар үшін оазис болып түйіледі. Жоғары температурада суға түсіп салқындағанда төмендегі мәліметтерді ескере жүріңіз!

Жүзудің  ағзаға пайдасы. 

Артық салмақтан арылам десеңіз , суда жүзу- денсаулыққа өте пайдалы.  Суда дене қозғалысы қиын болғандықтан ккал  көп жұмсалады. Қарапайым адамдар күнделікті 1500-1800 ккал жұмсайды. Ал жүзуден 28 дүркін олимпияда чемпионы Майкл Фэлпс 12 000 калорий жұмсайды екен. Суда жүзгенде барлық бұлшықетіңіз белсенді қозғалыста болады. Сәйкесінше сымбатыңыз джа сымдай тартылады.Түрлі химикаттарға бай, денсаулыққа зияны бар құрылғылар мен жүйкеңізді тыныштырып қажет емес. Суда жүзу миыңызды тынықтырады. Суық су сіздегі жан күйзелісін түбегейлі жояды. Ұйқыны орнықтырады. Асқа тәбетті реттейді.Жүзу- омыртқа ауруларының алдын алады.  Тыныс алу жолын реттейді. Теріні ерте қартаюдан сақтайды.

Жағажайдан кейін теріні қалай күтеміз?

Шомылу орындарынан соң терінің түлеуі - жаз мезгіліндегі өзекті мәселе. Бұл сіздің теріңіздегі ылғалдың тапшылығының белгісі. Ылғал тапшылығын жою үшін аминқышқылдары мен табиғи полтсахаридтер негізінде дайындалған крем қолдану ұсынылады. Мұндай кремдер терінің ұсақ тесіктерін бітеп тастамайды.  Макияждың астына жағуға да ыңғайлы.  Сондай-ақ. Күн астында ұзақ жүрсеңіз, С, Е витаминдерін қолданыңыз.

Без названия.jpg

Біз бен сіз ескере бермейтін ережелерді ойда ұстаған абзал:

 Демалыс орындарына отбасымен барған кезіңізде екі жасқа толмаған нәрестені жағалудан асырмаңыз. Сәбилер ашық су көздерінде тері және тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларын  жұқтыруға бейім.

Жағажайда бірінші тамақтанып содан соң суға түсіңіз.

Су температурасы салқын болса, аяқ-қолыңыз тырысып, епке келмеуі мүмкін. Суда жүзуге арнаған уақытыңызды қысқартыңыз. Сізде аяқ-қол тырысудың (судорга) белгілері байқалса, жүзуді доғарыңыз. Психологиялық соққы алмай, сабырға келіңіз. Суға арқаңызбен шалқалай  жатыңыз. Алақаныңызды жұмып, қолыңызды серпе лақтырыңыз. Содан соң жұдырығыңызды ашыңыз. Балтыр бұлшық еті тырысқанда, аяғыңызды созыңыз. Аяқ бармақтарын алға иіңіз. Сосын балтырыңызды иіңіз.  Тырысу басылғанда жағаға қарай шығыңыз.

Қандай шомылу орнына барсаңыз да, тазалыққа мән беріңіз. Масалы, кейбір бассейн қызметкерлері тазалықты тек суды хлорлау деп түсінеді. Хлор мөлшері көп су теріңізге түрлі зақым келтіреді. Жүзуге арнайы қатысатындардан медициналық анықтамалар сұралатындықтан жұқпалы аурулардың таралуы жоқтың қасы. Бассейндерде жұқпалы ауруларға қатысты анықтамалар сұралмайды. Сондықтан гигеналық тазалық қаншалықты сақталатынына көз жеткізіңіз.

Шомылу орындарынан мынадай ауруларды жұқтыруыңыз мүмкін:

А гипатит (сары ауру) - бауырды зақымдайтын ауру түрі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау коммитетінің мәліметінше аурудан жыл сайын бір жарым миллион науқас зардап шегеді. 

Дерматикоз ауруы – денеде саңырауқұлақтық қоздырғыш тудыратын жұқпа кеселі. Бұл кесел тері мен шашты, тырнақты және басқа да ағзаларды зақымдайды. Дерматикоз сіздің ағзада жасырын 8-14 күн дамып бірінші сатыда ғана белгілерін байқауыңыз мүмкін..

Герпес – көздің шырышты қабығының ауруы да көпшілік шомылатын орындардан жұғады.

Лямблиоз – паразитті жұқпалы ауруының вирусы да су арқылы жылдам таралады.  Минимальды жұқтыру дозасы 10-100 циста. Науқас жұқтырғаннан кейін 9-12 күннен кейін цисталарды сыртқа бөледі.

Тұмау және ОРЗ аурулары да жұғады. Асқынса, тыныс жолын, нерв жүйесін,  қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.

Жыныстық жолдар арқылы берілетін ауруларды жұқтыру қаупі бар. Олар- уретрит , пилонефрит,  цистит. 

Шомылатын орындарда ауру жұқтырмас үшін арнайы майларды пайдаланыңыз. Шыққаннан кейін ыстық душ қабылдап, тазаланып жуыныңыз. Жаз айларында денсаулығыңызды жіті бақылауда ұстаңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал.                                  

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Қотыр ауруынан қалай емделуге болады?
Екі үшем дүние есігін ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу