Донор – «өмір демеушісі»

Oinet.kz 14-08-2019 987

Screenshot_6.jpg

Қазақстанда жыл сайын шамамен 300 адам сүйек кемігін ауыстыруды қажет етеді, олардың тең жартысы балалар мен жасөспірімдер. Елімізде құрылған сүйек кемігі донорлары тіркелімінің септігімен жақын арада ауыр науқастар дертінен айығып кетуіне көбірек мүмкіндік алатын шығар. Бұл туралы Астана қаласындағы республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының сүйек кемігі донорларының тіркелімін дамыту жобасының жетекшісі Санжар РАИСОВ айтып берді. Аталған жоба Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен ерікті және қайтарымсыз қан донорлығы елімізде кеңінен насихатталуда. 

– Санжар Дулатұлы, сүйек кемігі донорларының тіркелімі деген не?

– Донорларының тіркелімі – бұл қажет болған жағдайда сүйек кемігі жасушаларын жасақтау үшін қан тапсыра алатын дайын донор-адамдардың әлеуетті базасы.  Олар гематологиялық, онкологиялық,  иммун тапшылығы дертіне шалдыққандарға алмастырып салу үшін керек. Тіркелімге енуге шешім қабылдаған адам қанының фенотипін немесе HLA-антигендер жүйесін иммунетке жауап бере алатындығын анықтау үшін бес миллилитр қан тапсыруы тиіс. Бұл деректер базаға енгізіледі. Сосын науқастың антигендерімен сәйкес келіп жатса, қажет болған жағдайда сүйек кемігі жасушаларын жасақтау үшін донорды біздің медициналық орталыққа шақырамыз. Біз бұл тіркелімді былтырдан бастап құра бастағанымызбен бүгінде мұның құрамына Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қалалардан 600-ге жуық адам енген.   

– Тіркелімге алынғандардың арасында донор болғандары бар ма?

–  Әзірге жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, адам тіркелімге алынған сәттен бастап 2 жылдан 5 жылға  дейін аралықта нақты донорлық өтуі мүмкін. Өйткені 10 мың науқастың  HLA-антигендеріне теңелу ықтималдығы сәйкесетін лайықты 1 донордың өзін табу да қиын. 10 миллионға біреу-ақ деуге де болады.  Тіпті жақын туыстар арасында да сәйкесетін донор табу мүмкіндігі 30 пайыздан аспайды.  Бір отбасындағы 10 адамның бірінің де сүйек кемігі жасушалары соларрмен бірге бір ата-анадан өрбіген науқасқа ауыстырып салуға сәйкес келе бермкейді.

Дамыған, дамушы елдердің барлығында да, өз азаматтарына әлемдік деңгейде медициналық көмек көмек көрсеткісі келетін мелекеттерде де дононрлар тіркелімдері бар. Мысалы, АҚШ-та бүгінде 5,7 миллион адам донор есебінде тіркелімге келісімін берген, Германияда – 3,5 миллион, Ресейде – 16 мыңға жуық, Арменияда – 14 мың.  Әр түрлі елдердің донорлар тіркелімі 17 миллион дононрдан көп халықаралық тіркелімге біріктірілген. 

– Халықаралық тіркелім доноры қазақстандық науқасты құтқаруы мүмкін бе?

– HLA-антигендері жүйесі адамдардың этникалық құрамына негізделгендіктен біздің науқастарға халықаралық тіркелім донорының қаны сәйкес келе бермеуі мүмкін.  Хлақаралық тіркелімнен лайықты донорды іздеу ондаған мың еуроны талап етеді.  Сол уақытта іздеуге жұмсалған уақыт орташа есеппен бірнеше айға, тіпті жылға созылып жатса, сәтті алмастырып салу мүмкіндігін азайтады.

– Донор қандай да бір өтемақы ала ма?

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бекіткен сүйек кемігі донорларының үш қағидаты бар: қайтарымсыз, анонимдік және келісім бойынша. Донорға ақшалай өтемақы төленбейді. Бұл комерцияландыру мүмкіндігін болдырмау үшін жасалған. Бірақ мемлекет жол жүру, тамақтану, аурухана, қонақүй шығындары, сонымен қатар донор жалақысын уақытша жоғалтқан жағдайда мемлекет тарапынан өтеледі. Қазақстанда HLA-фенотипін айқындау мен ота жүргізу шығындарын толығымен мемлекет мойнына алады. Шетелдерде мұндай рәсімдер ондаған мың доллармен жүзеге асырылады. ДДҰ-ның басқа екі қағидаты туралы айтқанда, бұл жерде сүйек кемігі тіркелімінің қатысушысы кез келген сәтте донорлықтан бас тартуы мүмкін. Ауыстырып салу туралы келісім болған жағдайда анонимдік толық сақталады: донор өзінің сүйек кемігі жасушалары сәйкес келетін адамды, сол сияқты науқас та кімнің жасушалары өзіне ауыстырылып салынғанын біле алмайды.

– Сүйек кемігі жасушаларын тапсыру қалай іске асады?

– Сүйек кемігі жасушаларын емдейтін қанды көктамырдан алудың жетілген заманауи әдістері бізге мол мүмкіндіктер береді. Қан арнайы аппаратта іріктеуден өтеді, нәтижесінде текс сүйек кемігі жасушалары бөлініп алынады. Оның алдында 3-4 күн бұрын қанды денсаулыққа қауіп төндірмейтін арнайы дәрі-дәрмектермен стимулизациядан өткізеді. Перифериялық қаннан алынған тін жасушалары 90 пайыз осылай сұрыпталады. 10 пайызы ғана сүйек кемігі, яғни жамбас сүйектерінен құралады. Жамбас сүйектерінің жасушаларын алу үшін пункциондық инелер қолданылады. Наркоз арқылы жүзеге асатындықтан процедурадан кейін кәдімгі анальгетиктертермен басылатын жамбас айналасында 2-3 күн бойы ауырсыну байқалады. Алайда бұл сүйек кемігі жасушаларын жұлын-ми сұйықтығынан алады екен дейтін адамдар арасында адастырушы пікірлерге негіз бола алмады. Мүлдем олай емес. Соңғы уақытта перифериялық қаннан күрделі емес әрі ауыртпайтын бағаналы жасуша алу әдісі жиі қолданылады.

– Бұл жобаға облыстардағы донорлар қатыса ма? 

– Қазір біз Қазақстанның әрбір қаласындағы қан орталығында адамдар 5 милилитр қан тапсыра алатын пункттер құрып, сол арқылы сүйек кемігі доноры болуға дайын екендігі туралы өтініш жазып, донорлар тіркеліміне енуіне жағдай жасап жатырмыз. Трансфузиология орталығының «өмір демеушісі» болуға шақыруы Қазақстан тұрғындары арасынан қолдау тауып,  ауруынан айығудың осындай ғана жолы қалған науқастардың өмірлерін құтқаруға мүмкіндіктер сыйлайды деген үмітіміз бар.

Мұрағаттан, 2016 ж

Сабынның ағзаға қандай пайдасы бар?
Алғашқы диагнозды кім қойған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу