Жаттығу жасап, тегін тексерілді

Oinet.kz 23-09-2019 766

Screenshot_6.jpg

Түркістан қаласында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 20-сыншы «Денсаулық фестивалі – 2019» кең ауқымды акциясы өтті. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен акцияның мақсаты – қоғамның белсенді салауатты өмір салтын ұстануға назар аудару. 

Арбат алаңына жиналған қала тұрғындары бір мезетте 10 минуттық таңғы жаттығулар жасады. Мұнан соң, қаладағы Парасат саябағынан Арбат демалыс аймағына дейін велошеру ұйымдастырылды. Түрлі мәдени-спорттық бағдарламалар шара қатысушыларының көңілін сергітті. Ал, мектеп оқушылары салауатты өмір салтын сақтауға байланысты суреттерін салып, көпшілік назарына ұсынды.

– Жыл сайын денасулық фестивальін ұйымдастыратынымыз баршаңызға аян. Бұл фестиваль биыл да өз жалғасын табуда. Бүгін де облыстық медицина қызметкерлері тегін профилактика жұмыстарын жүргізіп, сіздер үшін кеңестерін беретін болады. Жаңаша даму бағытына бет алған Түркістан облысының қарыштауы Жолдауда айтылған бағыттармен үйлесімін тапса, барлық жағынан көшбасшы өңірге айналарымыз анық. Сондықтан, баршаңызды ең алдымен салауатты өмір салтын нық қалыптастыруға шақырамын, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Screenshot_8.jpg

Облыс әкімінің орынбасары облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге «Денсаулық» қалашығындағы дәрігерлердің жұмысымен танысты. 

Жаппай дене шынықтыру облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы ұйымдастырған «Денсаулық» қалашығында дәрігерлердің тұрғындарды жолдамасыз-ақ қабылдауларына ұласты. Азаматтарға облыстық клиникалық аурухананың білікті мамандарынан бастап, аудан-қалалардан келген жергілікті емдеу мекемелерінің дәрігерлері жаңа технологиялардың көмегімен медициналық қызметтерін ұсынды. Тегін түрлі анализдер тапсырып, денсаулықтарын тексерткен адамдарға ақ халаттылар дәрігерлік кеңестер берді. 

Арбат демалыс аймағында ұйымдастырылған акция жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарлама жалғасып, әсем әндер шырқалды.


Кесек, бор жеу зиян ба?
Тұмау жеңіл дерт емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу