Қай елде семіз қыздарды әдемі деп есептейді?

Oinet.kz 14-12-2019 2394

Әдетте семіздікке шалдыққандардың дені Америкада тұрады деген түсінік бар. Бірақ, «семіздер елі» атағына Тынық мұхитта орналасқан бірнеше арал лайық. Ол ол ма, мұндағы шағын мемлекеттерде әйелдердің семіз болуы әдеміліктің белгісі саналады. 

Screenshot_2.jpg

Мәселен, Науру аралы халқының 70 пайызынан астамы артық салмаққа ие. Тонга аралдарында адамдардың физикалық өлшем бойынша үлкендігі әдемілік саналады. Мұндағы 140 мың тұрғынның 100 мыңы семіздікке шалдыққан. Толық денелілердің үлесі халқының 60-65 пайызына жуығын  құрайтын елдердің қатарына Самоа, Фиджи мен Ямайка да жатады. Жүрек талмасы ауруына ұшырау – Кувейттегі өлімнің басты себебі болып есептеледі. Мұндағы 15 жастан асқан әйелдердің 52 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Ежелгі көшпелі дәуірде қоңды, семіз болу тоқшылық пен байлықтың басты белгісі болып саналған. Сол дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді.  

Америка құрама штаттарында салмағы шектен тыс артық саналатындарыдң тобына тұрғындардың үштен бір бөлігі жатады. Ал семіздердің үлесі ең аз мемлекеттер – Жапония мен Солтүстік Корея екен. 

Айдың 13-не сәйкес келетін жұма неге қауіпті?
Семіздіктен арылтатын отаның құны қанша?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу