Психологиялық тест: Аяғыңыздың кейпі арқылы жұмыста қандай екеніңізді білуге болады

Oinet.kz 23-04-2020 4067

Барлық адам жеке өмірде және жұмыста басқа болып жүреді. жұмыста ресмилік болса, үйде еркіндік. Алайда аяғыңыздың кейпіне қарап сіздің жұмыста қандай екеніңізді білуге болады. Ендеше, көрелік!

nogi.jpg

А) Бұл әйелді айналадағы адамдар өте қатал әрі суық деп санайды. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Олар өте сабырлы және бірқалыпты. Бірақ әріптестермен жақын араласып кетуі аздап қиындық туғызады. 

Б) Қақтығыс кезінде бұл әйелдер тез ымыраға келгенімен, басқа уақытта олар өз сезімдерін игере алмай жатады. Қандай жағдай болмасын олар тек ойға алған мақсатына жетпей тынбайды. Әрі тек баста назардың ортасында болуды қалайды.

В) Мінезінің беріктігі оның басты қасиеті болғанымен, кей уақытта кемшілігі болып саналады. Жақсы қасиеті дегеніміз өзінің қалағанына қол жеткізбей қоймайды, ал кемшіл тұмсы өзінің жасаған қателігін мойындамау әрі оны қайта жасау, ондан сабақ алмау болып табылады.

Г) Бұл әйелдерде тауды қопаратын алапат күш бар. Бірақ тек өзінің қалаған мақсатын ғана толығымен орындайды. Алайда егер бұдан жақсы ештене шықпаса, көңілі қалып, тастап қояды. Әрі олар бір жерден отырғанды жіне біреуді күткенді қаламайды.

Д) Бұл әйелдердің өзіндік толық шешімі жоқ. Олар әркез бәрінен қорқып, уайымдап өмір сүреді. Бірақ осы қасиеті арқылы ортада өзгелердің назарына ілігеді.

Е) Бұл әйелдер әрқашанда өзіңе сенімді болып келеді. Олар билікті әрі өзгелерге бұйырғанды жақсы көреді. Әрине, назарда болғанды да естен шығармайды.

Ж) Риясыздық пен шынайылық бұл әйелдің бойындағы ең ғажап мінездердің бірі. Сырт келбеті суық, қатал көрінгенімен іштей өте мейірімді әрі өзгелерге тез көмектескіш болып келеді.

З) Олардың кішкентай орынсыз айтылған әзілдер арқылы ренжітіп алуға болады. Тіпті сөйлемей, үнсіз қалуы да ғажап емес. Алайда мұны біреулер тұйықтық деп санауы мүмкін, бірақ бұл әйелдер нағыз сабырлы, төзімді болып келеді.

И) Ұялшақтық пен шешім қабылдай алмау бұл әйелдің бойындағы ең маңызды қасиет болып саналады. Олар шулы ортаны ұнатпайды, сол себепті де жалғыздыққа жаны құштар. Бірақ олардың тамаша қасиеті – адаммен алғаш сөйлескеннен-ақ оның қандай екенін толығымен біле алады. 

К) Жұмыс барысында бұл әйелдер нағыз көшбасшы болғанымен, өмірде әркез бірдене жетіспей тұрғандай жүреді. Олар үнемі бірінші және жалғыз өзі болғанды қалағандықтан, әркез қызғаншақ. 

Психологиялық тест: Қай гүлді таңдар едіңіз?
Суреттен қандай эмоция көріп тұрсыз? - психологиялық тест
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу