Қолыңызды айқастырғанда қайсысы үстінде тұр?

Oinet.kz 16-08-2020 1735

Бұл психологиялық тест арқылы сіз айналаңыздағы адамдардың не ойлап тұрғанын анықтай аласыз.

Screenshot_2.jpg

Сол қол оң қолдың үстінде

Егер сіз сол қолыңызды оң қолыңыздың үстіне қойсаңыз, бұл сіздің миыңыздың оң жақ жарты шары жақсы дамығандығының белгісі.

Мидың бұл бөлігі сіздің шығармашылығыңызға жауап береді. Сонымен қатар, осыған қарап сіздің:

• Бойыңызда деректі ойлау қабілеті өте жақсы дамыған.

• Кез-келген салада үлгеріп, оңай дами аласыз.

• Сіздің стиліңіз өте керемет.

• Өте дарынды және шығармашылсыз.

• Әлемге ерекше көз- қараспен қарайсыз.

• Шешім қабылдауда оңай, әрі ерекше шешім қабылдайсыз.

•Өте эмоционалды адамдардың қатарынансыз.⠀

Сіз үшін басқалардың көңілі мен назары өте маңызды. Басқа адамдардың сіз туралы жақсы ойлауына көңіл бөлесіз.Онсыз сіз кейде депрессияға түсіп кетесіз.

КЕҢЕС: Егер сіздің жұмысыңыз шығармашылыққа байланысты болмаса, онда сізге ыңғайлы хобби таңдау керек.

ОҢ ҚОЛ СОЛ ҚОЛДЫҢ ҮСТІНДЕ 

Сіздің сол жақ миыңыз жақсы дамыған. Бұл сіздің ойлауыңыздың логикалық тұрғыдан дамығандығын көрсетеді. Сіз нақтылықты, дәлдікті қажет ететін іс-әрекеттерге, заң, банк ісі, академиялық жұмыстарға бейімдісіз.

Сонымен қатар, осыған қарап сіздің:

• Барлық бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізетін нағыз жұмыскер адамсыз

• Сіз өте ұқыптысыз және басқа адамдардан да соны талап етесіз.

• Бірдеңе жасамас бұрын, оның жағымсыз және жағымды тұстарын ескересіз.

• Өзіңіздің эмоцияларыңызбен қоса, бәрін бақылауда ұстай аласыз.

• Әрқашан шындық үшін күресіп, «әлсіздерді» қорғайсыз.

• Барлығына оңай үлгеріп, өз уақытыңызды өзіңіз басқаратындығыңызды байқауға болады.

Кейбір кемшіліктеріңіз: сіз жаңа өзгерістерге тез үйренісе алмайсыз. Сізге үлкен компаниялар, көп адамның ортасында болған ұнамайды. Сіз жалғыз уақыт өткізгенді ұнатасыз. Адамдарды тез кешіре алмайсыз. Кішігірім қателіктері үшін де.

КЕҢЕС: сізде қарым-қатынас дағдылары жеткіліксіз, бірақ бұл сізге қоғамда пайдаңызға жарайтын ең қажетті дағдыдылар.

Жоғарыда айтылған екі сипаттаманы есіңізге сақтап алыңыз. Сіз осы екі сипаттаманы жаттап, таныстарыңыздың немесе достарыңыздың қолдарын қалай айқастырғанына байқай аласыз. Осылайша сіз айналаңыздағы адамдардың мінезі туралы көбірек біле аласыз.

Психологиялық тест: Сізге қай мінезді өзгерту керек?
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу