Заманымыздың ең ақылды балалары кімдер?

Oinet.kz 05-10-2020

Ақыл жастан шығады. Біз қоғамдағы жжетістікті мектеп бағасы, ЖОО дипломымен өлшейміз. Бірақ мектеп аттестаты, университеттің базалық білімі жоқ балалар одан да иік жетістіктерге ие болған. Назарларыңызға ең қылды балаларды ұсынамыз!

Якоб Барнетт

image.png

Якоб Барнетт 1999 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Оның IQ – 189  балл. Бала кезінен аутизм белгісі анықталған. Сондықтан қоғамға әлеуметтенуі қиын. Бірде анасы баланы түнде серуендеуге алып шығады. Өйткені күндіз Якоб серуендеуге қызығушылық танытпайды. Түнгі аспанды көріп, ол астрономия мен математикамен" ауырып " қалды. Содан бастап бала ең күрделі геометриялық фигураларды және оған белгілі математикалық есептеулер мен формулаларды сала бастайды. Кобтың  айтуынша, бүкіл әлем – ол  үшін, сандар. Якоб 8 жасында мектепте үйренетін ештеңе қалмағанын түсінеді. Содан бастап университетте кванттық физиканы меңгереді. Қазір ол Канададағы теориялық физика институтында сабақ береді және Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының кеңейтілген нұсқасында жұмыс істейді.

Акрит Джасвал

image.png

Акрит Джасвал 1993 жылы Үндістанда дүниеге келген. Оның IQ – 146  балл. Бес жасында анатомия және медицина туралы кітаптар оқи бастады. Ауруханада хирургтар тіпті кішкентай данышпанға операцияларға қатысуға рұқсат берді. Акриттің жеті жасында көршісінің кішкентай қызы тосын жайтқа тап болып қолын жарақаттайды. Кішкентай бүлдіршіннің алақаны ашылмай қалады. Ол қыздың саусақтарының қозғалғыштығын қайтару үшін күрделі операцияны жоғары деңгейде жасайды. 12 жасында Акрил Джасвал Медицина Университетіне түсіп, 17 жасында магистр дәрежесін алды. Қазір ол үнді технологиялық институтында жұмыс істейді . Оның зерттеулері қатерлі ісіктің емін табуға бағытталған. 

Прияньши Сомани

image.png

Приянши Сомани Үндістанда1998 жылы туған. Қыздың ерекшелігі – планетадағы ең жылдам санайтын адам. Байқаудағы ең жас қатысушы Приянши 11 жасында ауызша математикалық есептеулер бойынша конкурста жеңіске жетті. 6 минут 51 секундта ол он таңбалы санның түбірін есептейді. Сондай-ақ, қыз бісекеде барлық тапсырмаға 100% дәлдікпен жауап берген жалғыз қатысушы болған. 2012 жылы ол он таңбалы санның түбірін 2 минут 43 секундта есептеп, конкурста жаңа әлемдік рекордшы болды. Қазіргі уақытта Приянши өзінің ерекше математикалық қабілеттерін дамытуды жалғастыруда.

Аким Камара

image.png

Аким Камара 2000 жылы Берлинде дүниеге келген. Ата-анасының айтуынша, бала музыканы туғаннан бастапсезіне білген. Кішентай данышпан 2 жасынан скрипканы меңгерген. Аким керемет есту қабілетімен тезүйреніп, үш жыл жасында Рождестволық концертте скрипка спектаклін орындаған. Голландиялық танымал скрипкашы Андре Рье баланың дарынына таң қалды. Ол Акимді ата-анасымен бірге Нидерландыға шақырды.  Өзінің 2004 жылғы концертінде баламен алғаш рет өнер көрсетті. Көп ұзамай бүкіл музыка әлемі кішкентай скрипкашы туралы айта бастады. Андре әлі күнге дейін өзінің протежін қолдайды, ал Аким өз шеберлігін шыңдайды.

Аэлита Андре

image.png

Аэлита Андре 2007 жылы Австралияда дүниеге келген. Оның анасы – орыс   фотографы, ал әкесі – австралиялық  суретші. Қыз 9 айынан бастап сурет салады.  Қазіргі уақытта ол әлемдегі ең жас абстракционист-суретші саналады. Аэлита екі жасқа толғанда, ата-анасы қызының суреттерін әйгілі көркем галереяның иесіне көрсетті. Ер адам жұмысты қатты ұнатты, бірақ ол жас суретшінің жасын білгенде шошып кетті. Көп ұзамай оның суреттері галереяға қойылып, мамандар оң бағалады. Аэлита 4 жасқа толғанда, өзінің жеке көрмесі өтті. Қыздың жұмыстары жеке коллекциянерлер тарапынан сұранысқа ие. Қазірдің өзінде Аэлита  миллион долларға жуық ақша тапқан. Сурет салудан басқа, Аэлита фортепианода ойнағанды, ән айтқанды, шоколад жеп, орыс тілінде сөйлегенді ұнатады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды. 

Тіл туралы қызықты деректер
Психологиялық тест: «Суреттен бірінші не байқадыңыз!?»


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×